- Advertisement -

Бәсекелестікте сан емес, сапа ескерілуге тиіс

140

- Advertisement -

21

Өңір кәсіпорындарында өндірілген өнімдерге көз тояды. Бәрі де сапалы, заманауи. Қатарларда не жоқ дейсіз, бәрі бар. Құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі өнімдері, электр тауарлары, тұрмыстық техника, қазақтың ұлттық саз аспаптары, ұлттық ою-өрнекпен нақышталған құрақ көрпеше, жастық, жаймалар, нақтырақ айтқанда қыз жасауы, киім-кешек, аяқ киімнің алуан түрі, гүлдер, баспа өнімдері, әртүрлі тұтыну тауарлары…

28 27бұрнағы күні Тараз қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы өн­діріс­тің көптеген сала­ларында сапалы өнімдер өндіріліп жатқанын, мақтауға да, мақтануға да лайық тамаша табыс­тарымыз бар екенін паш етті. Қала­лық мәдениет үйі алдына құрылған шатырлар ішінде көрме көркіне айнал­ған тауарлар көз­дің жауын алғандай. Алуан түрлі бұйымдар таңдай қақтырып, көңіл қуантқандай. Көрмеден кейін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігімен бірлесіп, бәсекелестікті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «Химия өнеркәсібі, теміржол және авиациялық тасымалдау салалары нарықтарындағы бәсекелестікке тең жағдайлар жасаудың құқықтық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Ал, енді көрменің азық-түлік тауарлары қойылған бөлігіне бара қалсаңыз, ас атасы наннан бастап тағамның бірнеше түрі тізіліп тұр. Дайыны да, жартылай фабрикат түріндегісі де, шикісі де бар.

Жалпы, көрме-конкурсқа ұсынылған өнімдердің дені шағын және орта бизнес субъектілерінде өндірілген. Көрме-конкурсты ашқан облыс әкімі К. Көкірекбаев:

25– Бүгінгі таңда ел экономикасының дамуына шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері үлкен үлес қосып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында: «2050 жылға қарай шағын және орта бизнес Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіріп, еңбек өнімділігін қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін немесе 5 есеге арттыруы керек» деген болатын, – деп, өңірде өндірілетін өнімдер сапасы күн санап артып, өндірістің материалдық-техникалық базасы нығайып, өнімдер халықаралық стандартқа сай дайындалатынын тілге тиек етті. Өңір басшысы жергілікті тауар өндірушілер арасында бәсекелестік орнығып, өнім сапасы жақсара түскенін, жетістіктерге жетуде мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаның ықпалы зор екенін де ескерусіз қалдырған жоқ.
– Бүгінгі облыс тауар өндірушілерінің байқауы осындай ауқымды істердің бір айғағы, – деп сөзін жалғастырған Кәрім Нәсбекұлы өңірде ішкі өнім өндіру көрсеткіші 2013 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артып, 889 миллиард теңгені құрағанын да айтты. Облыстың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне көз салсақ, жыл ішінде өндірілген өнімнің 234,5 миллиард теңгесі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің еншісінде. Үстіміздегі жылдың басында белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 41863 бірлікті құрап, оларда 119,4 мың адам нәпақасын айырып отыр.
24Ал, көрме-конкурсқа солардың таңдаулы 56-сының өнімдері қойылған. Осылардың ішінен 3 аталым бойынша тауары үздік деп танылғандар республикада облыс намысын қорғайтын болады. Бұл жөнінде көрме ашылар алдында облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев айтып берді.
Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері цифрлар тасасында қалып қоймай, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім өндірулері керек. Себебі, елімізде кәсіпкерлікті барынша дамытуға Елбасының өзі ерекше көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп отыр. Президент Н. Назарбаев биылғы Жолдауында «Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы… Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі… Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс», – деп атап көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жарияланды.
Біз Қазақстан халқын, өз тұтынушыларымызды отандық өніммен қамтамасыз етуге тиістіміз. Ол аз, экспортқа шығаруға лайық бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіру де міндетіміз. Қамқорлықтың қайтарымы сонда ғана болмақ.
Көрме ашылар тұста сөз алған бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия мүшесі Нұрлан Алдабергеновтің айтқандары осыған саяды. Көрме-конкурсқа сәттілік тілеген сөздерден Елбасы алға қойған бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ анық аңғарылып тұр.
Осыдан кейін облыс әкімі К. Көкірекбаев Ресей және Беларусь елдерінен келген 23қонақтармен және Астанадан түрлі ведомстводан келген өкілдермен бірге көрмені аралап, тамашалады. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауар­лары» аталымдары бойынша өтіп жатқан көрме-конкурсқа ұсынылған тауарлар ретімен қойылған. Кіреберісте облыстағы жетекші кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС-ның тауарлары көзге түсті. Өндірген өнімдері Шығыс және Батыс Еуропа, ТМД елдері мен Қытай рыногында өткерілетін, отандық тұтынушыларды да қамтамасыз етіп отырған бұл кәсіпорынды қалай мақтасақ та лайық.
Өңірдегі тұрғын үй мәселесімен айналысатын «Бином Group» ЖШС-ның жөні бөлек. Кәсіпорын өңірде әлеуметтік нысандар мен су шаруашылығы құрылыс­тарына белсене атсалысуда. Кәсіпорын филиалы «БиномСтройДеталь» ЖШС-ның көрмеге қойылған тауарлары – шығаратын өнімдерінің бір бөлігі ғана. Серіктестіктің құрылыс материалдары комбина­тында өндіріске қажетті бетон, гидро­мелиорация мен азаматтық құрылысқа арналған темір-бетон бұйымдары да бар.
– Біз көрме-конкурсқа «Биноммен» бірге «Амангелді ГӨЗ» ЖШС, «Айналайын» қоғамдық бірлестігі, «Амангелді» өндірістік кооперативі және жеке кәсіпкер Берсунакаевтың тауарларын да қойып отырмыз. Байқау талабына сай үш аталым түрлері де бар, – дейді Жамбыл аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев.
«Жеке кәсіпкер Қадірбаев» тауарларын таныстырған Дәулеткүл Қадірбаева былай деді: «Біз қой терісінен киім-кешектің 50 шақты түрін тігеміз. Теріні өңдегеннен дайын өнімге дейінгі жұмыс үдерісі әріптесім Бибайша Ауғанбаева екеуміздің қолы­мыздан өтеді. Теріден тіккен киімдеріміз бен дайындаған бұйымдарымыз экологиялық тұрғыда да таза. Сондықтан денсаулыққа да пайдалы». Дәулеткүлдің тауарларының ішінде ерлерге, әйелдерге арналған тондар мен кеудешелер, үй ішінде киетін сүйретпе, тіпті түлкі тымақ та бар.
Сарысулық шебер, жеке кәсіпкер Балтабай Дәуірбеков көрмеге қойған тауарлар тұсынан тоқтамай өте алмадық. Домбыра, қобыз, жетіген сынды қазақтың ұлттық аспаптары қатарында сырнай, дауылпаз сынды үрмелі, ұрмалы аспаптардың бірнеше түрі тұр. Барлығы 13 екен. Ұлттық құндылықты ұлықтаған азаматқа ризашылық сезіммен әрі оздық.
22Көрменің азық-түлік тауарлары бөліміндегі тауарлар шетінен таңдаулы екенін жоғарыда айттық. Мысалы, түрлі республикалық және облыстық көрмелердің лауреаты, «Алтын сапа» президенттік жәрмеңке-конкурсының дипломанты «Та Мак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Арзу» ұлттық макарон өнімдерін қай шаңырақтың болсын дастарханынан табуға болады. «Куликов и К» ЖШС-ның тіл үйіретін торттары да өтімді.
Тауарларына «Консервантсыз экологиялық таза өнім» деген белгі соғылған «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС өнімдерінің сапалы әрі өтімді екені көрініп тұр. Оған серіктестік тауарларын сол жерде-ақ сатып алуға ниет білдіргендерді байқап, көзіміз жеткендей.
– Біз көрме-конкурста «ҚазИрАгро» ЖШС дайындаған «Safloria» мақсары майын «бәйгеге» қосып отырмыз, – деді Шу ауданының әкімі Бақытжан Нұркенов. – Мақсарыдан суық күйінде сығымдалып жасалған бұл өнімді ас дайындаудан бөлек парфюмериялық, медициналық мақсатта да пайдалануға болады. Сондықтан өтімділігі де жақсы. Қытайға, Жапонияға экспортқа шығарылып жатыр.
Осылай әркім-әркім-ақ көрме-конкурста «бәйгеге» қосқан тауарларының мақтауын жеткізуге тырысты. Сипаттамалық қағаздарына қарасаң, пайдалы қасиеттері мен тиімділіктері бір-бірінен асып түседі. Бірақ байқаудың аты – байқау. Онда үздіктің үздігі ғана жоғары бағалануы керек. Бұл қазылар алқасы үшін де сын. Өйткені, көрме-конкурста үздік деп танылған тауарлар республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
Осы жайды қатаң ескеріп, сапаларына қарап, лайықты бағасын берген қазылар алқасы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында үздік ретінде «Қазфосфат» ЖШС тауарларын атап, І дәрежелі дипломмен марапаттады. Екінші, үшінші орындар – «Амангелді ГӨЗ» және «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің еншісінде қалды.
«Халық тұтынатын тауарлар» аталымында бірінші орын теріден киім-кешек пен аяқ киімнің алуан түрін дайындайтын «Ырыс Бақыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұйырды. «Жамбыл гипс» АҚ мен жеке кәсіпкер «Айдаров» – екінші, үшінші орындардан көрінді. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымының жеңімпазы – «Гамбург» ЖШС-ы болды. «Алкопищепром» және «Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тиісінше екінші, үшінші орындарды бөлісті.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубокпен, дипломдармен және ақшалай сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Бұл – кәсіпкерлікте бәсекенің бәсі жоғары болып тұрғанының дәлелі. Бұл – өнім сапалылығының кепілі. Көрме-конкурс осылай табысты әрі ұйымшылдықпен өтті. Байқау отандық өнім өндіруде өңір кәсіпкерлерінің үлкен ізденіс пен талпыныс үстінде екенін көрсетті. Бұл – облыста Елбасы тапсырмасының ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанының дәлелі.
Көрме – конкурстан кейін ЕЭК аясындағы «химия өнеркәсібі, теміржол және авиациялық тасымалдау салалары нарықтарындағы бәсекелестікке тең жағдайлар жасаудың құқықтық аспектілері» тақыбырындағы дөңгелек үстел басталды.
Бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу жөнін­дегі Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі Н. Алдабергенов, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғ. Оразбақов, Беларусь Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары А.  Филонов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, ғылыми орта, Беларусь, Қазақстан және Ресей бизнес-қоғамдастығы өкілдері қатысқан басқосуда Кедендік одақ (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) бәсекелестік заңнамаларын жетілдіру, БЭК тауарлы рыноктарында, оның ішінде химия және мұнай-химия өнеркәсібінде, теміржол және әуе тасымалында бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Онда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамаларын жетілдіруге баса назар аударылғанын айта кеткеніміз абзал.
Өткен жылдың қазанында КО және БЭК-ке мүше мемлекеттер бәсекелестігін қорғау туралы Заңның негізгі ережелеріне бірыңғай үйлесуін айқындайтын бәсекелестік туралы Үлгілік заң қабылданған болатын.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев дөңгелек үстел отырысына қатысушыларға құттықтау сөз арнап, пікір алмасудың түсіністік жағдайында өтуіне тілектестік білдірді. Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы басты мәселе мүше елдер үшін жан-жақты дамудың стратегиялық мақсатына қол жеткізу екенін атап өтті.
– Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағының бәсекелестік саясаты мәселесінде үш ел арасындағы сауда экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз ету маңызды. «Бәсекелестік туралы» үлгілік заңның мақсаты да осы, – деп атап көрсетті осыдан кейін сөз алған Нұрлан Алдабергенов.
Бәсекелестік туралы үлгілік заңның негізіне Беларусь, Қазақстан, Ресейдің және шетелдердің бәсекелес ведомстволарының монополияға қарсы заңнамаларының үздік мөлшерлері еніп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін отандық өндірісшілерді қолдауға, ішкі рынокты қорғауға бағытталған жаңа нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу, тауарларды сыртқы рынокқа жылжыту мен бағаны төмендетуге инвестициялар тарту қажет. Көрсетілген нормалар жиынтығы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі ұстанымын нығайтуға және шетелдік әріптестермен, оның ішінде одақтас үш елмен де тең жағдайда бәсекелестік күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, трансшекаралық тауар рыногын зерттеу мәселесі де қозғалды.
Нұрлан Алдабергенов жолаушылар авиатасымалы рыногындағы жоғары және төменгі деңгейлі бәсекелестік бағыттарындағы авиакомпаниялар тарифінен мысалдар келтірді. Мысалы, «ТрансАэро» авиакомпаниясының Мәскеу-Астана, Мәскеу-Қарағанды рейстеріндегі баға – жер мен көктей, 61 мың және 23 мың теңге. Ал, енді Астана мен Қарағандының арасы – небәрі 200-ақ шақырым.
Электр қуаты рыногына жүргізілген тексерулер нәтижесі электр қуатын трансшекаралық жеткізуде Қазақстан мен Ресей субъектілерінде болуы мүмкін бұзушылықтарды анықтаған. Мәселен, Қазақстанда Екібастұз ГРЭС-і, өз елімізде электр қуатының тапшылығы бола тұра, Ресейге өзіміздегіден әлдеқайда арзан бағаға әжептәуір көлемде электр қуатын беріп отыр. Ал, Қазақстанның электр қуаты тапшылығын көрген батыс облыстары оны Ресейден жоғары бағамен сатып алуда. ЕЭК үш елдің бәсекелес органдарымен аталмыш нарықтардағы зерттеу жұмыстарын жалғастыратын болады. Осындай-осындай сәйкессіздіктерді үйлестіру – болашақтың еншісіндегі іс.
Дөңгелек үстел басындағы пікір алмасуда Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов, «Қазақстанның тау-кен және тау-металлургия кәсіпорындары республикалық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец, Беларусь Республикасы экономика министрінің бірінші орынбасары Анатолий Филонов, «Белнефтехим» концерні төрағасының бірінші орынбасары Игорь Лященко, Еуразиялық экономикалық кеңес соты судьясының кеңесшісі Дмитрий Александров елдер арасындағы жүк тасымалы, тауарлар рыногындағы заңнамаларды қолданудың көкейкесті мәселелері, сот органын­дағы бәсекелестік саясаты туралы ойларын ортаға салып, ортақ мәмілеге келу жайын алға тартты.
Басқосуда сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова жұмысқа сәттілік тілеп, заң шығарушы органның қисыны келетін істі қолдайтынын жеткізді.

Болат Жаппарұлы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Виктор Барбаш

Here are some related articles dear sir and other business conventions the perils of writing to someone you don’t know click here https://essaydragon.com/ to get access to 800+ interactive grammar exercises

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support