- Advertisement -

Тоғыз кәсіпкердің жобасы мақұлданды

119

- Advertisement -

Биыл жалпы құны 25,4 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаның іске асырылуы
жоспарлануда, нәтижесінде 1147 жаңа жұмыс орны ашылмақ

Досан Рымтаев,
облыс әкімдігі кәсіпкерлік және
индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.

2014 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 60 миллиард 18 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2013 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Осы көрсеткішті аудандардың тұрғысынан қарасақ, өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда бес ауданда артқан. Атап айтқанда, Қордай ауданы — 288,6, Шу ауданы — 164,5, Байзақ ауданы -113,7, Т. Рысқұлов ауданы — 110,1 және Жуалы ауданы — 107,2 пайызды құрады. Ал, қалған бес аудан — Жамбыл (47,1%), Меркі (30,1%), Мойынқұм (99,8%), Сарысу (88,7%), Талас (97,7%) аудандарының кәсіпорындары 2013 жылдың деңгейіне жетпеді.
Жекелей өнеркәсіп салаларына келсек, нақты көлем индексі тау-кен өндіру өнеркәсібі (185,7 %), тамақ өнімдерін өндіру (119,6 %), жеңіл өнеркәсіп (146,4%), машина жасау (133,0%) сынды өнеркәсіп салаларында жүз пайыздан артып отыр. Сонымен қатар, нақты көлем индексі 100 пайыздан төмен болған салалар да бар. Олар: өңдеу өнеркәсібі (93,1%), басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі (91,7%).
Жалпы алғанда, 1 тоқсандағы 101,9 пайызды құраған жалпы көлем индексі – аса жоғары көрсеткіш емес. Сондықтан, алдағы уақытта, әсіресе көрсеткіштері 100 пайызға жетпеген 5 аудан басшылары аудандағы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, өнім көлемін ұлғайту жағын тұрақты бақылауда ұстағаны жөн.
Бүгінде Үдемелі индустриялық — инновациялық дамыту бағдарламасы аясында облыста жалпы құны 597,2 миллиард теңгені құрайтын 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ал, өткен жылы жалпы құны 20,9 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылды, нәтижесінде 626 жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасына енген нысандардың аудандарда орналасуын атап көрсетсек, Сарысу және Жуалы аудандарында аталмыш картаға бірде-бір жоба енбеген.
Биыл жалпы құны 25,4 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, нәтижесінде 1147 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал, 2015 — 2018 жылдары жалпы құны 471,3 миллиард теңгені құрайтын тағы да 7 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, 3112 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Инвестиция тарту – қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар сомасы 13,7 миллиард теңгені құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,6 пайыз көрсеткіште. Өткен жылдың 1 тоқсанында инвестициялар сомасы 13,1 миллиард теңгені құраған болатын.
Облысымызда 9 мемлекеттің, атап айтқанда, Ресей, Франция, Чехия, Италия, Иран, Германия, Түркия, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірлігі және Жапония инвесторларының қатысуымен, жалпы сомасы 4 миллиард АҚШ долларынан асатын 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәлізі бойында жол бойғы сервис кешендерін, «Әулие-Ата» халықаралық әуежай негізінде көлік логистикалық орталығын құру, «ТЭО-4» қайта құру, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша зауыт және басқа да бірқатар перспективалық инвестициялық жобалар бар.
Елімізде кәсіпкерлік саласын өркендетуде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Бағдарламаның жүзеге аса бастаған уақытынан бері барлық қаржы құралдары, облыс аумағындағы кәсіпкерлердің, жалпы сомасы 36,5 миллиард теңгені құрайтын 268 жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде, бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары бойынша жалпы сомасы 25,6 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба банк несиелерінің «Пайыздық ставкалары бойынша субсидиялануда». Ал, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» тетігі бойынша, жалпы кепілдік сомасы 720,7 миллион теңгені құрайтын 29 жобаға кепілдік берілді. Сонымен қатар, «Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 7,9 миллиард теңгені құрайтын 47 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда. «Гранттық қаржыландыру» тетігі негізінде Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен қаржыландыруға жалпы сомасы 27,0 миллион теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы мақұлданған. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде сервистік қолдау 400 кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілді.
Еліміздің экономикалық өркендеуінде айрықша орны бар кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылып отырған шаралар алдағы уақытта да белсенділікпен жалғасын табатыны даусыз. Елбасымыз айтқандай, шағын және орта бизнес – біздегі жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі.

Department of education last month admonished hawaii for unsatisfactory performance in fulfilling MidnightPapers its race to the top promises and put a $75 million grant under at risk status.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support