- Advertisement -

Жүз теңгем де, дос та жоқ

164

- Advertisement -

Досым бір күн тосын кеп,
«Досым, досым, досым» – деп,
Жүз теңгемді қарызға,
Алған, «берем сосын» – деп.

Дедім іштей: «Жол болсын,
Қылар ісің оң болсын!»
Жүз күн өтті, жоқ әлі,
Уәдеге бай сол досым.

…Жан емес ем аста-төк,
Әурелендім босқа көп,
Содан бері, қайтемін,
Жүз теңгем де, дос та жоқ!

Жолдас Дәуренов.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support