- Advertisement -

Жамбылдық студенттер «Тұңғыш Президент қорының» үздіктері атанды

97

- Advertisement -

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 5 студенті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жариялаған «Болашақтың ғалымдары» атты республикалық байқаудың үздіктері атанды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Байқауға үздік ғылыми жобаларын ұсынған «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің студенті Нұрбол Нұрлыбекұлы, «Мұнай, газ және механика» факультетінің студенттері Бекболова Айгерім, Васин Илья, Серікова Балбөпе және «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенті Рахимкулова Дана «Болашақ ғалым» атағын иемденіп, дипломдармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың ақпан айының 10 жұлдызында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына «Болашақтың ғалымдары» атты республикалық байқау жариялаған болатын. Байқау жастардың кәсіпқой бағытта дамуын қолдау, шығармашылық зейінді ашу, Қазақстанның жоғары оқу орындарын ғылыми ізденістерге шақыру және елдегі ғылым жолының дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, байқауға жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бағытындағы студенттердің өз бетінше орындаған, аяқталған ғылыми жұмыстары қабылданып, сараптамадан өтті.
Республикалық деңгейде жыл сайын өтетін бұл байқау екі кезең бойынша өткізіледі. Алғашқысы, жоғары оқу орнында өтіп, ол жерде студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстары таңдалып алынады. Екінші кезең де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен ұйымдастырылады. Бірінші кезеңнен таңдалып алынған жұмыстар Қорға өз бағыттары бойынша жолданып, комиссия қарауынан өтеді.
«ZhambylNews» АА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support