- Advertisement -

Көлік институтындағы «филфак»

78

- Advertisement -

Тағы бiр курстас жолдасым екеумiз бiр күнi макаронды қуырып, барымызды дастарханға қойып, Алматы инженер және көлiк институтының екi қызын қонаққа шақырдық. Бұл кезде Бақытжан басқа бөлмеде тұратын. Тамаққа ендi кiрiсе бергенiмiзде бөлмеге Бәкең кiрiп келдi. Сiрә, қарны қатты ашып келсе керек, қыздармен шала-шарпы таныса салып, тамаққа бас қойды. Нанды опырып, макаронды шайнамай жұтып жатыр. «Бәке, тамақтан өлдiң бе, қыздар қонаққа келiп отыр, алдымен осылармен жақсылап таныспайсың ба?» дедiм қағытып. Аузындағысын зорға жұтқан Бәкең ұят болмасын дедi ме «Қыздар, қайда оқисыңдар?» деген сұрақ қойды. «Алматы инженер және көлiк институтында оқимыз» дедi екi қыз қосарланып. Сөйтсе, бар есiл-дертi ауқатқа ауып кеткен Бақытжан ағамыз «Филфагында ма?» деп күйдiргенi бар емес пе? Көлiк институтында филология факультетiнiң болмайтыны аңғал ағамыздың ойына да кiрiп шықпағаны ғой.

Белгілі журналист Серік Әбдуәлінің
әңгімелерін қағазға түсірген Оралхан Дәуіт.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support