- Advertisement -

«Один нормальный, один ненормальный сделайте»

81

- Advertisement -

Бақытжан (Советұлы) университетке әскерден кейiн, мен мектептi бiтiре салып түстiм. Әлi есiмде, оқу басталған алғашқы күндердiң бiрiнде Бақытжан үлкендiгiн көрсетiп, асханаға ертiп барды. Қас қылғанда асханада тек орыс әйелдерi жұмыс iстейдi екен. «Ой, армияда орысша сөйлеудi үйрендiк қой» деген Бәкең алдыға түсiп, тамақтарға өзi тапсырыс бере бастады. Бiрiншi, екiншi тамақтарды тарелкаға салып жатқан орыс әйелi бiр кезде Бақытжанға қарап «вам половина или польный?» деп сұрады. Бәкең аздап ойланып тұрды да  «Один нормальный, один ненормальный сделайте» деп жауап бердi. Бiз ғана емес, асханадағылар да ду етiп күлiп жiбердi.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support