- Advertisement -

Батырын бағалаған Елбасы

95

- Advertisement -

Баукең жұлдызды болған күн – халықтың жұлдызы жанған күн!

                                                                        Нұрсұлтан Назарбаев.

Егер көзі тірі болғанда биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы 105 жасқа толған болар еді. Бірақ жазмыштан озу маңдайалды перзенттердің де маңдайына жазылмаған. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс шежіресіне аты алтын әріппен жазылған озық ойлы қолбасшылардың қатарында аталатын қазақ батырының рухына 

өзі армандап өткен тәуелсіздік тұсында жиі-жиі тағзым етіп, ұлықтағаннан басқа қайран жоқ. Елінің елдігі мен ұрпағының ұлықтығы танылатын тұс та осы.
Ал елдің елдігі мен ердің ерлігін алты алаштан да әрі асырып мақтаныш етер осы халықтық іс-шараның бірі – Жеңістің 70 жылдық мерекесі. Оны батыр өмірге келген облыстың әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған Жамбыл жұртшылығы үлкен дайындық үстінде қарсы алып отыр.

Ең бастысы – аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойын облыс елдік деңгейде дүркіретіп өткізді. Бұл тұрғыда батыр есімін алты алашты былай қойғанда, алыс-жақындағы шетелдердің көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым өкілдеріне дейін құрметпен атайтынын айтып өткен абзал. Батыр қаламынан туған төл шығармаларымен бірге, ол туралы жазылған қызықты, ғибратты естеліктерді іздеп жүріп оқитын жұрттар қаншама! Қазақ халқының маңдайына біткен осындай қаһарман ұлын кезінде Куба елі басшыларының ардақ тұтып, арнайы шақыруы да осы ұланғайыр құрметті көрсетеді. Олар, тіпті, Бауыржан атамыздың әскери педагогика, соғыс психологиясы туралы лекцияларын өздерінің әскерлері мен әскери оқу орындарында теориялық және практикалық тұрғыдан қолданады екен деген де дерек бар.
Баукеңнің елдік пен ерлік жолындағы өр мінезін үлгі тұтқан көптеген ұлттар мен ұлыстардың, майдандас достарының тілегіне мізбақпай келген бұрынғы КСРО басшылығының жүрегін жібіткен кім? Ол кеше ғана халқы Президент сайлап, сол халқы ұлықтауын салтанатпен өткізген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
Сонау 1990 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тән сабырлы саясаты мен салиқалы ақыл-парасатын алдыға салып, халқымыз үшін көп жыл арман болған Кеңес Одағының Батыры деген атақты біртуар Баукеңе алып беріп, оны артында қалған асылдың сынығы – Бақытжан Момышұлына өз қолымен тапсырып еді. Елдік пен ерлікті бұдан артық қалай ұлықтауға болады?! Сол тұстағы газеттер Елбасының: «Бауырым Бақытжан! Халқымыздың асыл перзенті Бауыржан Момышұлына Совет Одағының Батыры атағы берілуімен шын жүректен құттықтаймын! Кешегі сұрапыл соғыста көп ұлтты Отанының, намыс туын желбірете ұстап, жүрек жұтқан ерлігімен, дара бітімімен ұлтымыздың атын дүйім әлемге жайып, абыройын асқақтата білген Бауыржан ағамыздың тарихымызда алар орны ерекше. Қан майданда қол бастаған, ал бейбіт күнде халқының еркесі болған Баукеңнің абзал азаматтығы, ерен ерлігі, қайталанбас мінезі – туған халқы, келер ұрпақтар үшін өшпес өнеге. Елдің махаббатына бөленіп, аты аңызға айналған асыл ағамыздың Отан алдындағы еңбегі кеш те болса әділ бағасын алғаны бүкіл республика жұртшылығын, исі қазақ баласын ерекше қуанышқа кенелтіп отыр. Баукең жұлдызды болған күн – халықтың жұлдызы жанған күн! Қуаныш ұзағынан болсын!» деген жеделхатын жарыса жариялаған болатын. Біле білгенге, осы жеделхаттағы «Баукең жұлдызды болған күн – халықтың жұлдызы жанған күн!» деген сөздің ар жағында үлкен мән-мағына жатыр.
Бірақ ол қуаныш халыққа оңайлықпен келген жоқ. Архивке үңілсек, Елбасының батыр ағасы алдындағы азаматтық парызын адал өтегені жайлы құжаттар көп. Соның бірі – Нұрсұлтан Әбішұлының КСРО Президенті М.  С. Горбачевке жазған хаты. Ел болып атап өткелі отырған Жеңіс мерекесіне қажетті құжат болғандықтан оқырмандар назарына оны тағы бір рет ұсынудың артықтығы болмас.

«Президенту Союза Советских
Социалистических Республик
тов. Горбачеву М. С.

О присвоении звания Героя Советского
Союза Момышулы Баурджану

В последние годы трудящиеся и широкая общественность республики, многие знатные люди, ветераны войны и труда, деятели науки и культуры, народные депутаты упорно ставят вопрос о восстановлений исторической справедливости – присвоении звания Героя Советского Союза участнику Великой Отечественной войны, легендарному панфиловцу, гвардии полковнику Баурджану Момышулы (посмертно). В поддержку общественного мнения и с учетом новых сведений о подвигах Б. Момышулы в годы войны Военный Комиссариат Казахской ССР и ветераны панфиловской дивизии вошли с ходатайством о присвоении ему высокого звания.
Действительно, Баурджан Момышулы — легендарная личность, широко известная и популярная в республике, истинный народный герой, пользующийся непререкаемым авторитетом. Родился он в 1910 году, с 1932 года служил в рядах Советской Армии, прошел всю Отечественную войну, командовал взводом, батальоном, полком и дивизией. После войны окончил Военную академию Генштаба Советской Армии, занимался военно-педагогической деятельностью.
Баурджан Момышулы особенно прославился в оборонительных боях под Москвой на Волоколамском направлении в осенние-зимних операциях 1941-1942 годов. В должности командира батальона провел 27 успешных боев, имеюших исключительно важное тактическое значение. В боях у деревни Горюны и железнодорожной станции Матренино его батальоном уничтожено до 600 немецких солдат офицеров, 6 танков, захвачено 18 станковых и ручных пулеметов, 2 орудия, 3 радиостанции, 2 штабных автомашины с секретными документами. При ночном налете с полувзводом бойцов и легкими орудиями в расположение противника в районе деревни Лопастино-Десятиворка уничтожено до 200 немецких захватчиков. В боях в населенном пункте Крюково стрелковым полком Б. Момышулы уничтожено до полка пехоты противника, 18 танков и много другой боевой техники. В этих и во многих других боевых операциях Баурджан Момышулы проявлял завидную личную храбрость, мужество и отвагу, личным примером воодушевлял на смелые действия бойцов, тактически верно и умело управлял подчиненными подразделениями.
За все эти и другие подвиги Б. Момышулы командиром 316 стрелковой дивизий И. В. Панфиловым 7 ноября 1941 года был представлен к награждению Орденом Ленина, а в августе 1942 года командиром 8 гвардейской стрелковой дивизии Серебряковым был представлен к присвоению звания Героя Советского Союза. Но оба представления, по неизвестным причинам, остались без внимания.
В дальнейшем Баурджан Момышулы в должности командира полков и дивизий активно участвовал в наступательных операциях 1942-1943 годов на Калининском фронте и в разгроме весной 1945 года немецких войск в Курляндии. Только в операции в районе станции Приэкуле в феврале-марте 1945 года 9 гвардейская стрелковая дивизия под командованием Баурджана Момышулы прорвала три полосы сильно укрепленных оборонительных сооружений противника, продвинулась вперед до 8 км, освободила 15 населенных пунктов, уничтожила 950 немецких солдат и офицеров, 25 орудий, 50 пулеметов и минометов, 35 танков.
Жизнь и подвиги Б. Момышулы легли в основу многих художественных произведений: повести А. Бека «Волоколамское шоссе», книг А. Кривицкого «Вовеки не забуду», Дм. Снегина «На дальных подступах» и
«В наступлении», М. Габдуллина «Мои фронтовые друзья», А. Нуршаихова «Истина и легенда», художественного фильма «За нами Москва», пьесы В. Шаинского «Волоколамское шоссе», поставленной во МХАТе, и ряда других.
Недавно в результате активных поисков в архивах Министерство обороны СССР нами обнаружено письмо-записка бывшего командира 8 гвардейской (панфиловской) стрелковой дивизий Серебрякова в Президиум Верховного Совета СССР от 17 июля
1944 г., где детально и подробно описываются подвиги Б.  Момышулы в сражениях под Москвой и подтверждается факт представления его к ордену Ленина, затем к высокому званию Героя Советского Союза (прилагается.
Арх. МО СССР, Ф. 1063 оп. д. 4, л.л. 96-98).
Присвоение звания Героя Советского Союза легендарному герою казахского народа Баурджану Момышулы стало бы истроическим актом торжества справедливости».
Міне, Нұрсұлтан Назарбаевтың осы хатынан кейін көп ұзамай, яғни 1990 жылдың 11 желтоқсаны күні алты алаштың айбыны, қазақ халқының мақтанышы болған Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өйткені, тәуелсіздік таңы алдында жазылған бұл тарихи құжатта батыр атамыздың барлық ерлік жолы қысқа да нұсқа түрде қағазға түсірілген болатын. Бірақ, хатқа қол қою бар да, сол хаттың тағдырына алаңдап, артында іздейтін, сұрайтын елі бар екенін айтып, халық өкілдері тапсырған аманатты адал орындау бар. Міне, Елбасы еңбегі, осы тұрғыдан алғанда, «Ерлерін ұлықтаған Елбасы» деп бағалауға әбден лайық.
Орыс жазушысы А. Бектің «Волоколамск тас жолы» хикаяты, біле білген кісіге, қазақ халқын тану, мойындау, қазақ халқынан туған перзенттердің, яғни Бауыржандай хас батырларының ерлігі мен өрлігін үлкенді-кішілі өзге ұлттар мен ұлыстарға ұлықтау болып табылады. Мысалы, Баукеңнің батырлығы туралы осы кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, испан сияқты тағы басқа көптеген шет елдердің тілдеріне аударылып, кең тарап кеткенін еске алсақ, көп нәрсені пайымдаймыз. Сондықтан, ерлігімен бірге артында әскери педагогика мен соғыс психологиясын жетілдіріп, байытуда баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға елі үшін мәңгі жасай бермекші. Оның ерлігі де, өрлігі мен өжеттігі де, өз қолымен жазып кеткен қыруар еңбегі де болашақ ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына деп білемін. Ал болашақ ұрпақтың сол баға жетпес рухани байлықтың қуаты арқылы тәуелсіз қазақ елін бұзық ойлы басбұзарлардан қызғыштай қорғайтыны хақ.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support