- Advertisement -

Жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары жалғасады

15

- Advertisement -

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуы аса маңызды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты жұмыспен қамту мәселесі қаралып, сала бойынша атқарылған жұмыстар сарапқа салынды. Жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов өңірдің жұмыспен қамту әлеуетіне тоқталды.

– Еңбек нарығын дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдама аясында биыл өңірде 60372 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Жыл басынан бері 17536 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, осы күнге дейін оның 14 580-і жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына қайтарымсыз грант беру үшін 1,4 миллиард теңге қаралуда, – деді Еркін Егембердіұлы.

Сондай-ақ, жиында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл өңірде жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру жалғасатындығы айтылды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қайтарымсыз грант және несие берудің шарттарын облыс тұрғындары арасында насихаттау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

– Қайтарымсыз несие, грант беру кезінде тұрғындар арасында дүрбелең тумауы тиіс. Қаржыны мақсатты пайдалану, кәсіптің жоспарға сәйкес жүруі басты шарт. Азаматтарды қабылдау барысында басым бөлігі осы мәселеге қатысты өтініш білдіреді. Грант бөлу шараларының барысында заң талаптары қатаң сақталып, ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс, — деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы әлеуметтік жұмыс орындарын құру шаралары да назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтті. Салалық басқарма мен қала және аудан әкімдіктері жауапкершілікті өзара бөлісіп, тығыз байланыста жұмыс істеуі керектігін ескертті.

Әкімдік мәжілісінде күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов облыс аумағындағы облыс әкімдігі табиғи өрттің алдын алу жөнінде қолға алынған шаралар туралы хабарлап, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубековтің баяндамалары тыңдалды.

Жиын соңында Ербол Шырақпайұлы өрт қаупінің алдын алу мақсатында тұрғындарға кең көлемде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырып, орман шаруашылығы мекемелерінің де әзірлігі жіті тексерілу керектігін айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысы еліміздің он аумағында қалыптасқан апатты жағдайға байланысты облыстың таулы аймақтарында орналасқан аудан басшыларына жауын-шашын кезінде шалғай ауылдардағы жағдайды бақылауға алуды тапсырды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support