- Advertisement -

Жалпыға бірдей декларациялау – 2024: нені білу керек?

38

- Advertisement -

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2024 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңіне орай, «Екінші деңгейдегі банктердің аударылымдары» туралы баспасөз конференциясы өтті.

Жиынға облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Уалихан Әлібеков, «Түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы» басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов қатысып, жалпыға бірдей декларация заңы аясындағы өзгерістер бойынша мәлімет берді.

Еске сала кетсек, елімізде жалпыға бірдей декларация туралы заң 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Негізінен көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкіне тиімді бақылау жүргізуді мақсат еткен заң жобасы аясында бүгінде мемлекеттік кірістер органдары кеңейтілген түрде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқан жобаның биылғы науқанында заңды тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылады. Бұл бойынша қандай да бір заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары 15 қыркүйекке дейін аталмыш декларацияны қағаз түрінде немесе электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органдарына жолдай алады. Электрондық түрде құжат тапсырушылар мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ, «eSalyq аzamat» және «egov mobile» мобильді қосымшаларының көмегіне жүгіне алады.

Декларацияда аталған санаттағы азаматтар жылжымайтын мүлкі мен жер учаскелерін, көлік құралдарын, арнайы техника мен олардың тіркемелерін, жалпы көлемі 3 миллион 450 мың теңгеден асатын шетелдік банк шоттарындағы қаражатын көрсетуге тиіс. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысына үлесі,бағалы қағаздар, инвестициялық алтын мөлшері мен авторлық құқығы қамтылуы шарт.

Сонымен қатар, брифингте екінші деңгейлі банктердің аударымдары, нақтырақ айтсақ, мобильді қосымшалар арқылы төлем қабылдау жайы сөз болды. Бұл ретте, «Түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы» басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов алдағы уақытта Қаржы министрлігінің арнайы қаулысына сәйкес мобильді қосымшалар төлемдерінің көлемі азаятындығын айтты.

Бұдан бөлек, спикерлер келесі жылы кірістер мен мүлік декларациясы тапсырылатындығын тілге тиек етіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Нұрболат АМАНБЕК

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support