- Advertisement -

Теміржол аумағында абай болған жөн

25

- Advertisement -

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі «Көліктегі қауіпсіздік» атты акция ұйымдастырды. Теміржол және әуе көлігінің объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шараға жолаушылар қатысты. Вокзалдағы жол жүруші жасөспірімдерге қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға осы ережеге қатысты кітапша таратылды.

Пойыздың адам басып кету фактілерінің алдын алуға арналған бұл акция 12 қаңтарға дейін жалғасады.

Осы орайда желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Лаура Көпбаевамен тілдестік.

– Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен теміржол объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда. Аса қауіпті аймақтарда белгіленген жермен жүріп, қала тұрғындарының бұл маңайларда мал жаймауларын қатаң ескертеміз. Өйтпеген күнде, жазым деген аяқ астында. Мәселен, 2022 жылдың жаз айында №33 мектептің оқушылары вагонға мініп, смартфондарымен селфи түсірмекші болған. 10-сыныпта оқитын жасөспірім сол жерде тоққа түсіп, қайтыс болған. Қасындағы 2 бала оқиға орнында ауыр жарақаттанды, – дейді аға инспектор.

Сондай-ақ, ол облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына теміржол аса қауіпті аймақ екенін ескертіп, белгіленбеген жерден өтпеулерін, вагон үстіне мінбеуге шақырды. Сонымен қатар, аталған іс-әрекеттерді жасағандарға қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айтты.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support