- Advertisement -

Талас ауданында былтыр 52 көше жөнделді

33

- Advertisement -

2023 жылы Жамбыл облысы Талас ауданындағы елді мекендердің көшелерін жөндеу бағытында көптеген жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімдігінің ақпаратына сәйкес, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үшарал және Ойық ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 15,65 шақырымды құрайтын 21 көшені жөндеуге 670 млн. теңге қаражат бөлініп, орта жөндеу жұмыстары мерзімінде толығымен аяқталған. 

Сондай-ақ, Кеңес ауылдық округіне қарасты Бөлтірік шешен ауылындағы Нұралы көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген. Бұдан бөлек, Майтөбе ауылындағы Б.Момышұлы, Есейхан ауылындағы А.Омарұлы, Қараой ауылындағы Байжан, Қасқабұлақ ауылындағы Тамды әулие және Бейбітшілік, Тамды ауылындағы Жубаева, Көктал ауылындағы Есейхан көшелерінің жол төсемі жөндеуден өткен.

Есепті кезеңде аудан орталығы Қаратау қаласындағы ұзындығы 16,8 шақырымды құрайтын 6 көшеге (Қ.Сатпаев, А.Байтұрсынұлы (бұрылысымен), М.Есжанұлы, Е.Өмірұлы, Қ.Тоқтыбайұлы, Қ.Жарқынбеков) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, аудан орталығындағы  Б.Момышұлы мен Шахтер көшесі қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. 

Бүгінгі таңда Қаратау қаласына және Қызыләуіт ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтіп, қиыршық тас төселген.

Оған қоса, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың үнемделген қаржы есебінен Бостандық, Ақкөл және Ойық ауылдарында ұзындығы 3,65 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеуден жұмыстары жүргізілген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support