- Advertisement -

Жамбыл облысында былтыр 11 елді мекенге газ тартылды

19

- Advertisement -

Бүгінгі таңда жамбыл облысындағы 285 ауылдың тұрғындары табиғи газбен қамтылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өңірдегі елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

2023 жылы облыстағы 11 ауылға (9 мыңнан аса тұрғын) «көгілдір отын» тартылып, аймақты газбен қамту көрсеткіші 91,1 пайызға жетті.

Жалпы, өңірімізде былтыр 9,5 млрд теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы қолға алынған. Оның 25 ағымдағы жылға өтпелі болған.

Биыл осы 25 ауылдың 11-не (17 мың тұрғыннан аса) құбыр тарту жұмыстары аяқталып, газбен жабдықтау көрсеткішін 92%-ға дейін арттыру көзделуде.

 

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support