- Advertisement -

Ардагерлерге арналған кеш

23

- Advertisement -

Дөңгеленген дүние баршамызды бір жылмен қоштастырып, тағы бір жылмен қауыштырып отыр. «Ескі жылымыз есіркеп, жаңа жылымыз жарылқасын» деген қазақы дәстүрімізбен, ізгі тілекпен шығарып салып, табалдырықтан аттаған Ұлу жылын үлкен құрметпен қарсы алдық.

Тараздағы жаңадан ашылған «Белсенді ұзақ өмір» орталығында мерекеге арналған Жаңа жылдық көгілдір от кеші өтті. Облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Алтынбеков, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков ардагерлерді мерекемен құттықтап, ақ тілектерін арнады.

Қазақстанның құрметті журналисі Мақұлбек Малдарбеков жиналған қариялар мен ақ жаулықты апайларға жүрекжарды лебізін білдірді. Алғашқы мерекелік шараға «Құтты болсын!» айтқан аталған орталықтың басшысы Олжас Ақылбаевқа өзінің «Өмір бәйгесінде» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Өткен жылы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы салтанатты түрде ашылған болатын. Бүгінгі таңда орталықта 200-ден аса зейнеткер әлеуметтік қызметтер көрсетудің 8 түрімен қамтамасыз етіліп, көпшіліктің алғысына бөленуде. Бүгінгі іс-шарада аталмыш орталықта қызмет алушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін қыздырды. Асан Бердешов, Марат Танабаев, Баян Көшербаева сынды өнерпаздар жұртшылықтың ықыласына бөленді. Бишілер тобы да көрермендер көңілінен шықты.

Басқа да қызықты бағдарламаларға, түрлі ойындарға кезек берілді. Өз кезегінде Баян Оразбекова көгілдір от кешінің жақсы өтуіне өз үлесін қосып, ұйымдастыру қабілетімен көрінді. Мерекелік кеш соңында белсенді зейнеткерлерге орталықтың Алғыс хаттары тапсырылды.

 

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support