- Advertisement -

Тегін заңгерлік көмекке жүгінетіндер көп

33

- Advertisement -

Еліміздің Әділет министрі Азамат Есқараев өңірімізге арнайы іссапармен келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосу барысында Азамат Несіпбайұлы жамбылдықтардың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, министр бірқатар азаматтардың мәселелерін тыңдап, тиісті салалық департамент басшыларына нақты тапсырма берді. Министр өз сөзінде биыл облысымыздың 12,5 мың тұрғыны тегін заңгерлік көмек алғанын жеткізді.

– Бұдан былай, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлер тегін заңгерлік кеңес ала алады. Айта кетейік, бұл күнде тегін заңгерлік көмек беретін қызметкерлердің де саны артып келеді. Жалпы, қазіргі таңда жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізу және цифрландыру, атқарушылық өндіріс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ, құқықтық насихат жұмыстары, заңнаманы дамытудағы негізгі мәселелер мен оны жетілдіру жайы басты назарда, – деді Азамат Есқараев.

Кездесу соңында Әділет министрі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support