- Advertisement -

Инвестиция — ел игілігі үшін тартылады

34

- Advertisement -

Инвесторлардың облысымызға салып жатқан инвестициясы жыл санап артып келеді. Соның есебінен өндіріс көлемі артып, жұмыс орындары ашылуда. Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыс экономикасының артуына өз үлестерін қосып отырған бірқатар ірі компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Аймақ басшысымен болған кездесуде «Шағала-Майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Антонишин Мойынқұм ауданындағы мыс кені өндірісі жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баян етті. Зауыт жоғары таза катодты мыс кенін шығаратын болады. Жалпы құны 50,6 миллиард теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға жоспарланған. Қазіргі таңда ондағы құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.

Ал, «Golden Compass Capital» компаниясы Т.Рысқұлов ауданындағы «Көкқия» кен орнында алтын өндірумен және өңдеумен айналысуда. Мұнда жыл сайын 300-400 килограмм алтын өндірілсе, көршілес аудандарда барлау жұмыстары жалғасуда. «Golden Compass Capital» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Азамат Набенов өндірісті кеңейту жоспарымен таныстырды. Компания үш жыл ішінде 800 килограмға дейін алтын өндіруді, «Әулие» кен орнында барлау жұмыстарын аяқтауды, алтын кенін өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр.

Кездесулер барысында табиғатты қорғау заңнамасын сақтау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпорындарға мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, осы күні Ербол Қарашөкеев пен «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС басқарма төрағасы Данияр Мәулетов, «Самұрық- Қазына Өңдеу» ЖШС басқарушы директоры Жандос Оразалиев энергетика саласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мүмкіндіктерін бірлесе отырып талқылады.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support