- Advertisement -

Дайындық барысы пысықталды

23

- Advertisement -

Меркі ауданындағы «MERKE RADON» шипажайында облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі бағыттары, ерекшеліктері және практикалық аспектілері» атты тақырыпта аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға арналған семинар- тренинг өтті. Оған өкілеттілігін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары, сондай-ақ, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен және оқу бағдарламасымен таныстырды.

Сайлау заңнамасының теориялық және қолданбалы білімдерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын кеңейту арқылы аумақтық сайлау комиссияларының төраға, төраға орынбасары және хатшыларының кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Серік Әлпенов және заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистр Алмас Аппазов дәріс оқыды.

Семинар барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан да дәрістер оқытылды. Оқытылған тақырыптарды меңгеру мақсатында дискуссиялар мен дебаттар ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің пилоттық сайлауына дайындық барысы туралы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тлепов жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов екі күндік семинарды қорытындылай келе, семинар-тренингке қатысушылардың алған білімдері бойынша тапсырған тестілеудің қорытындыларымен таныстырып, тиісті сертификаттарын тапсырды.

Сондай-ақ, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссияларының төрағаларына 2023 жылдың 5 қарашасына тағайындалған Жуалы және Т.Рысқұлов аудандары әкімдерінің пилоттық сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде заң талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support