- Advertisement -

Қарым-қатынасты нығайтудың маңызы зор

53

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

Кездесуде бауырлас екі елдің, оның ішінде Жамбыл облысымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтас-тықты дамыту мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақ-Қырғыз I-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы пысықталды.

Аймақ басшысы көрші екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, елдердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын жеткізді.

Өз кезегінде Дастан Дюшекеев жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, сауда-экономика, әлеумет, медицина, білім салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудің негізі зор екенін айтты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support