- Advertisement -

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің құрамын толықтыруға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

44

- Advertisement -

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің мүшелерін конкурстық негізде таңдау үшін (4 орын) құжаттар 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында сағат 17.00-ге дейін қабылданады (10 жұмыс күні ішінде).

Мекенжайы: Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, №203 бөлме, байланыс телефоны: 45-11-93

Электрондық мекенжай: qogam.kenes2023@mail.ru

Қабылдау уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-14.30.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
  2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
  3. психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

  1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  4. психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support