- Advertisement -

Оқу жылына дайындық ойдағыдай ма?

37

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің қатысуымен «Жаңа оқу жылына дайындық» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Биыл білім саласын қаржыландыруға 284,8 миллиард теңге бөлінген. Бұл өткен жылғы қаржымен салыстырғанда 18 пайызға артық. Осы жылы 17 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 4,4 миллиард теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлі де құрылысы аяқталмаған мектептердегі оқушылардың жақын маңайлардағы мектептерде білім алу мүмкіндіктері қарастырылуда. Бүгінгі күні білім нысандарының 90 пайызы жылыту маусымына дайын.

Сондай-ақ, білім беру нысандарының қауіпсіздігіне 1,8 миллиард теңге бөлініп, 690 білім нысаны 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Оқушы орны тапшылығы мәселесіне келетін болсақ, биыл Арай алқабындағы жаңа мектептердің құрылысы есебінен, атап айтқанда, Тараздағы №53, №55 орта мектептер есебінен бұл мәселе оң шешімін табады.

– «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тапты. Аталған акция 1 тамыздан бастап «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізілуде. 2023 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 49 137 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,1 миллиард теңге бөлінді, – деді білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек. Сонымен қатар, оқулықтарды сатып алуға 3,1 миллиард теңге бөлініп, оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін де тілге тиек етті.

Ал, тілшілер тарапынан жолданған «ротация қағидаты бойынша мектеп директорлары 7 жыл сайын ауысуы керек, кей мектептерде ауыспауына не себеп?» деген сауалға Мейірхан Азатұлы білікті маман тапшылығы себептігін алға тартты. Шет аудандарда, қаладағы санаулы мектеп мекемелеріндегі ротация заңын айналып өткен директорлар назарға алынып жатқандығын, білікті маман тауып, олқылықтар орны жабылатынын сенімді түрде жеткізді.

 

Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support