- Advertisement -

Тұрғындардың әрбір өтініші назардан тыс қалмайды

86

- Advertisement -

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Кездесулерге облыстық құқық қорғау органдары, салалық басқарма басшылығының өкілдері де қатысуда. Басқосуларда тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер айрықша назарға алынып, шешілуі бақылауда тұрады. Облыс әкімі әрбір өтініш бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктейді.

Жақында өңір басшысының Тараз қаласындағы 8 аумақтық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде құқықбұзушылықтың алдын алу, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мәселелері көтерілген болатын.

Осы орайда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құрмет Мәжікенов 4-шағынаудан тұрғындарымен кездесіп, автотұрақ ережелерін бұзу, «Малибу» ойын-сауық мекемесімен түнгі уақытта тыныштықты сақтамауы, абаттандыруды реттеу мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жүргізді. Учаскелік полиция инспекторлары «Малибу» ойын-сауық мекемесінің әкімшілігіне қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндірді. Мекеме қызметкерлері түнгі сағат 01:00-ге дейін музыканы өшіруге міндеттеді.

Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің бастамасымен облыс орталығында абаттандыру ережелері мен санитарлық талаптардың бұзылуын анықтау және болдырмау мақсатында 4 тамыздан бастап «Таза қала» жедел-алдын алу іс-шарасы жүзеге асуда. Тараз қаласы полиция басқармасының 65 қызметкері енген 13 мобильді топ құрылды. Олармен қоғамдық орындарда және көшелерде тәртіпті сақтау, белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау, экология саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша күшейтілген режимде жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, Тараз қаласының аумағында орналасқан 195 коммерциялық бизнес нысанына түсіндіру шаралары жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 351 әкімшілік бұзушылықты анықтады десек, оның 190-ы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша тіркелген. Жалпы, 620000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, күн сайын көлік құралдарын тұраққа қою ережелерінің бұзылуын болдырмау және анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың тамыз айының басынан бері облыс орталығында тұрақ ережелерін бұзғаны үшін 275 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 597-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш (34500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support