«Ауыл аманаты» жобасы:26 ауылдық округ қамтылады

«Ауыл аманаты» жобасы:26 ауылдық округ қамтылады
ашық дереккөз
«Ауыл аманаты» жобасы:26 ауылдық округ қамтылады
Өңір басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысы қаралды. Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға облыс бойынша 24 миллиард теңге бөлінуде. Бұл қаражатпен жалпы 70 мыңға жуық тұрғыны бар 10 ауданның 26 ауылдық округі қамтылады. Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан берілген ақпаратқа сүйенсек, жобаның жеке қосалқы шаруашылықтарда жер учаскелерін тиімді пайдалану деп аталатын бірінші бағыты бойынша 414,3 миллион теңге, мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 14,1 миллиард теңге көлемінде 92 мың бас мал сатып алу жоспарлануда. Ал, үшінші ауыл сыртындағы бос жерлерді тиімді пайдалану бағытына 412,5 миллион теңге, төртінші кооперативтер құру бағыты бойынша 296 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 2,6 миллиард теңге, соңғы, бизнес жобаларды қаржыландыру бағытымен 148 жобаны іске асыруға жалпы көлемі 1,0 миллиард теңге қаралған. Биыл 20 шілдеден 4 тамызға дейін жалпы көлемі 1,9 миллиард теңгеге 321 өтінім түскен. Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын. Байзақ, Жамбыл аудандарында 199 құдық қазу, Талас ауданында ұзындығы 1 километр арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Т.Рысқұловта ұзындығы 12 шақырым каналдарды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға қаражат бөлінуде. Қордай, Сарысудағы ауылдық округтер толығымен суармалы сумен қамтамасыз етілген. Аудан әкімдерінің есептерін тыңдаған Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға бөлінген қаражатты уақтылы және сапалы игеруге, халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар