- Advertisement -

Биыл талаптардың саны 143-ке өскен

77

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арналған Жолдауында: «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс», деген еді. Осыған орай, халықтың мүддесіне адал мемлекеттік қызмет көрсету бүгінде басты назарда.

Елімізде қолданыстағы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сот ісін жүргізудің үш түріне осыдан екі жыл бұрын төртінші түрі – билік органымен дауда ең әлсіз тарапты қорғауға бағытталған әкімшілік әділеттің іске қосылғаны белгілі. Биыл өткен алты айда Әкімшілік әділеттің аясында 712 әкімшілік іс түсіп, 526 іс қаралды. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда талаптардың саны биыл 143-ке өскені байқалады. Анығырақ айтсақ, 166 жер дауы, 162 сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым, 35 салыққа қатысты, 31 мемлекеттік сатып алу саласына, 30 тұрғын үйге, 28 денсаулық сақтау ісіне, 25 мемлекеттік қызметтер саласына, 128 жария-құқықтық қатынастарға қатысты өзге де дауларға байланысты арыздар түскен. Шешім шығарумен 180 әкімшілік іс қаралды. Оның 100-і талап қоюшылардың (азаматтар мен бизнес субъектілерінің) пайдасына шешілсе, ал 80-інен бас тартылды. Істің 53-і бітімгершілікпен аяқталды. Оның ішінде талап-арызды қайтарып алғандармен қатар, медиация тәртібімен және татуласу туралы келісім жасасумен дау-дамайсыз шешілгендер де болды. Сонымен қатар, соттың белсенді рөлімен 151 талап-арыз кері қайтарылды. Есепті кезеңде апелляциялық тәртіппен 165 іс бойынша шағым келтірілген. Оның 11-інің күші жойылса, 7 шешім өзгертілді, 52 шешім өзгеріссіз қалды.

Соттар шенеуніктерді тәртіпке келтіруге, оларды адамдардың өтініштеріне мұқият болуға мүмкіндік беретін әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске енгізілген тұтқаларды белсенді қолданады. Шенеуніктердің қателіктері олардың басшысына немесе бағыну тәртібімен жоғары тұрған орган назарына жеткізіледі. Соттардың істерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік орган мен лауазымды тұлғалар атына 40 жеке ұйғарым шығарылғанын да атап өтуге болады. Оның ішінде бір ұйғарым сайлауға, 4-еуі мемлекеттік сатып алу саласындағы дауларға байланысты.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен МАӘС судьялары ұйымдастыратын дөңгелек үстелдерде мемлекеттік және әкімшілік органдар арасында әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуді жалғастыруда. Тұрақты негізде мемлекеттік және әкімшілік органдарға әкімшілік істерді қараудың сот тәжірибесі, барлық дәрежедегі шенеуніктер жіберетін қателіктер туралы хабарланады. Қателікке бой ұрмаудың бірден-бір жолы – алдын ала ақпараттандыру. Ақпараттық және түсіндіру сипатындағы осындай жұмыстар бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, телеарналар арқылы жүргізіліп отыр.

Динара НҰРЛЫБАЕВА,

облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support