ИНВЕСТОРЛАР ОБЛЫСТА ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ

ИНВЕСТОРЛАР ОБЛЫСТА ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ
ашық дереккөз
ИНВЕСТОРЛАР ОБЛЫСТА ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Arion Invest Eco-Plast» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында полипропилен қаптарын өндіру жобасын талқылады. Жоба жетекшілері Ілияс Қуанышев пен Әлібек Сүлейменов өз мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларын баяндады. Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 24 миллион дана қап шығару. Кәсіпорын өнімді экспортқа және ішкі нарыққа өткеретін болады. Жоба жүзеге асса, 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кездесу барысында әлеуетті инвесторларға ұсынылатын қолдаулар, инновациялық технологияларды енгізу, алдағы тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.  

«Aq jol»-Aqparat.

 

Ұқсас жаңалықтар