- Advertisement -

Жазушының жұлдызы

117

- Advertisement -

Көп жағдайда жастардың өткен кезеңге қызыға қарайтын кездері бар. Біз жастар өткен уақытты көрген жоқпыз. Сол кезеңнің өзін басымыздан кешірмедік. Бірақ алпысыншы жылдар әдебиеттің, жетпісінші жылдар киноның алтын ғасыры болғанын білеміз. Бәлкім келешек ғасырларға тамыр жіберетін терең толғамды дүниелер осы кезеңде туды. Өмір өтеді, еңбек қалады. Ол сөйтіп жаңа буынға қызмет көрсетеді. Жекелеген тұлғалардың өзі де ғажап өнер тудыра алады. Теңіздің тамшыдан құралатындығы сияқты дүние ғой. Өкініштісі уақыт алмасып, замана өткен сайын олардың қатарының сәрідегі жұлдыздардай сирей түсетіндігі. Ал, жазушының жалғыздығы бір бөлек, оның мұңы басқа. Пенденікіне ұқсамайды. Жазушы өмір бойы жалғыз ғой.  

Әкім Тарази қазақ әдебиетінде шоқтықты орны бар, сөзі уәлі к ө р н е к т і т ұ л ғ а л а р д ы ң б і р і . Алпысыншы жылдары сөз өнеріне келген талантты буынның бел ортасында Әкім Әшімов те бар еді. Әдебиеттің дегдарлығы, бекзадалығы осы тұста өзгеше сипатқа ие болып, ұлттық тұрғыда жаңаша қалыптасты. Бұл хақында айтылып та, жазылып та келді. Әкім Әшімов қаламгер ретінде қазақ көркемсөзіне «Тасжарған», « Қ ұ й р ы қ т ы ж ұ л д ы з » , « Қ ы з махаббаты» және басқа да сүбелі туындылар қосты. Алатаудай асқақ ағалардың ерекше ілтипатына бөленді. Әдебиеттің төбе биіндей болған Тәкен Әлімқұлов, Қалтай М ұ х а м е д ж а н о в , Б е р д і б е к С о қ п а қ б а е в с е к і л д і ә й г і л і суреткерлер жас жазушыдан үлкен үміт күтті. Нөсерден соңғы күн райындай шуақтанған әсем Алматы жазушының қиялына қанат, қаламына қуат берді. Ол тек әдебиетке ғана емес, тұтас ұлттың руханиятына еңбек сіңірді. Соның бірі – киноөнер.

Әк і м Т а р а з и д ы ң қ а з а қ киносына қосқан үлесі атап айтуға тұрарлық дүние. Ол өзін киноның өз адамы ретінде санайды, бірақ өзін жүз пайыз киногер деп есептемейді. Жазушы өзінің өткен өмір жолы жайында, кино өнеріне келу тарихын былайша баяндайды. «Мені Мәскеуге оқуға жіберген Ғабит Мүсірепов ағамыз еді. Сол кісінің қолдауымен оқуға баратын болдым. Содан бір күні арнайы қабылдау комиссиясының бастығы: «Мәскеуге бару үшін ғана сен киноны өте сүйемін деп тұрсың ба?» деді. «Жоқ, мен киноны сүймеймін» дедім іле жауап қатып. «Онда оқуға неменеге барасың?» деді ол. «Кейде бір әңгімеге, повеске сыймайтын сюжеттер болады. Оны киноға арнап жазсаң, ұтымды көрініп тұрады. Көп қимылды суреттеуге арналған сюжеттерді кинода пайдаланған дұрыс қой деп ойлаймын» дедім. Сөйтіп едім, отырғандардың ішек-сілесі қатып күлді. Олардың бірі Михаил Блейман, екіншісі Василий Соловьев. Кейіннен екеуінен де дәріс алдым, жақсы ұ с т а з д а р е д і ж а р ы қ т ы қ т а р . Киноның ауылына осылай жолым түсіп, Мәскеуге кете бардым». Әкім Таразидың өзге қызметі өз алдына, ол 1971-1980 жылдары Қазақстан Кинематография одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметінде болды. Көрнекті қаламгер еліміздің кино саласын басқарған тұста, қазақ мәдениеті өміршең туындылармен толықты. « Қ ы з Ж і б е к » , « А т а м а н н ы ң ақыры», «Алты жасар Алпамыс», « Г а у һ а р т а с » ж ә н е б а с қ а д а шығармалар осы кезде түсіріліп, халыққа жол тартты. Сол кезде мәдениет министрі болған қазақтың біртуар ұлы Камал Смайылов пен көрнекті жазушымыз Әкім Таразидың кино саласына сіңірген еңбегі бүгінде тарихқа айналды.

Камал Смайыловтың Шерхан М ұ р т а з а м е н « Е г е м е н Қазақстан» газетінің бетінде түрлі қоғамдық мәселелерді көтеріп жазысқан хаттары ел есінен шыға қойған жоқ. Әрбір тұлғаның ұлтқа сіңірген өзінше еңбегі бар. Камал Смайылов еліміздің мәдениет саласына басшылық жасаған кезеңде көңіл көбіне-көп кино саласына бөлінді. Оны Әкім Тарази қолдап, қуаттады.

Әр заман өз тарихын жасайды. Өткен ғасырдың жетпісінші ж ы л д а р ы д а қ а з а қ к и н о с ы айтарлықтай биікке көтерілді. Ұ л т т ы қ ө н е р і м і з д і ң б а ғ ы жанып, бағасы артты. Қазақтың ежелгі махаббат дастаны, ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі «Қыз Жібек» жыры Ғабит Мүсіреповтің қаламынан қайта туып, қазақ киносының алтын қорына қосылды. Әдетте Әкім Тарази туралы сөз бола қалғанда, әуелі оның жазушылығымен қатар тік мінезділігі де қоса айтылады. Ол әдебиетте өзін сыншы ретінде де мойындатқан тұлға. Ілгеріде жазушы ағамызбен сұхбаттасқанымызда өзі туралы «Әкім Тарази жазушы ретінде жұмсақ, ал, Әкім Әшімов ешкімді аямайтын қатал адам» деген еді. «Қыз Жібек» фильмі жарыққа шығып, ұлттық мәдениетіміз толығып жатқан тұста сол Әкім Әшімов фильмді сынайды ғой. Әрі жазушы, әрі киносценарист, әрі басшы Әшімовке кинодағы Төлегеннің басындағы үкісі ұнамайды. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов қатаң сынға ұшырайды. «Кезінде мен «Қыз Жібек» фильмін сынадым. Сұлтанға кәдімгідей қырғидай тиетінмін. Бастық болғаннан кейін ақыл айту керек қой, соның әсері шығар. Осы күні соныма ұяламын, өкінемін. «Қыз Жібек» менің түсінігімде қазір классикалық фильм. Әттең мына жері артық екен деп бір тұсын айта алмайсың», – деп сол күндерді еске алады қаламгердің өзі.

Тағы бір айта кетерлік дүние, Әкім Таразидың Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаев сияқты атақты режиссерлермен берік достығы. Оны Шәкен Аймановтың өзі «Бүлкілбай» деп еркелетті, інісіндей көріп, бауыр басты. Абдолла Қарсақбаев өмірден «Бауырым» деп өтті. Оған фильмін сынағаны үшін Сұлтан Қожықов та ешқашан ренжіген емес. Осы бір тұлғалардың достыққа адалдығы, жан дүниелерінің т а з а л ы ғ ы ж а н ы ң д ы е р е к ш е толқытады. Барлық қиыншылықты көріп, ауыртпалықты көтеріп өскен буынның әрбір нәрсенің қадірін білетіндігіне іштей қызығасың.

Әкім Таразидың мінезі туралы жоғарыда айттық. Мінез дегенде кеудемсоқтық, өзін өзгелерден жоғары санайтын мінез емес, сүйегіне сіңіп, рухымен тұтасып кеткен текті мінез. Әсілі, жазушы болып, сөз өнерімен дерттенудің ө з і м і н е з д і ң а с ы л д ы ғ ы н а н , болмыстың бекзадалығынан. Өзінің қалыптасқан мінезіне байланысты Әкім аға бұрынырақта өткен көп жайларды есіне алады. Қазақстан Кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметінде жүргенде ол бір себептермен партия қатарынан шығып кетеді. Сол кезде досы Камал Смайылов оны жақтап, партияның қаулысына қарсы шығады. Алматы қаласының Фрунзе ауданында аудандық партия комитетінің жиналысында ардақты Камал ағамыз тағы да соларға қарсы сөйлейді. Өзі бюро мүшесі бола тұра азаматтығының ақ туын биік ұстаған Камал Смайылов Әкім досының партиялық билетін қайтарып алып береді. Бұл – өткен естелік, сағыныштың сарғайған сәттері. Балалық шағы зұлмат соғысқа тап келген, одан кейінгі сойқандарды да басынан өткерген ұрпақтың үлкен азамат болмауы, әділ болмауы мүмкін емес еді. Әкім Таразидың да өз ұлтына, ұлтының руханиятына қызмет етпеуге хақысы жоқ болатын.

Ке з і н д е қ а з а қ к и н о л а р ы арқылы Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Кененбай Қожабеков, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова сияқты өнер саңлақтарының таланты жарқырай көрінді. Бір ғана «Қыз Жібек» фильмінде түрлі бейнелерді сомдаған бұл таланттар қазақ өнерінің аспанындағы жарық жұлдыздарға айналып сала берді. Әлі күнге дейін Бекежан халықтың көз алдында, Төлеген мен Жібек ел жүрегінде. Мұның барлығы да ұлт руханиятын алға сүйреуді мақсат еткен, келешек ұрпақтың қамын ойлаған азаматтардың еңбегінің жемісі болатын.

Әкім Таразидың қазақ киноларын дамытудағы еңбегі сөзсіз тарих беттерінен орын алады. Ертеректе «Тұлпардың ізі», «Қараш-Қараш оқиғасы» (Мұхтар Әуезовтің шығармасының желісі бойынша түсірілген) атты кинофильмдерге де сценарий жазды. Кейінгі жылдары «Мұстафа Шоқай» атты фильмнің сценарийін жазып, ардақты Алаш перзентінің туған халқымен қауышуына себепкер болды. Жазушының өзі Мұстафа Шоқай тақырыбына жүрексіне қалам тербегенін жасырмайды. Әйтсе де бұл қаламгер талантының к е м д і г і , б о л м а с а к ө р к е м д і к көкжиегінің таяздығы емес, ұлттық өнердің киесінің жауапкершілігін сезінуден, күрделі тұлғаның болмысын биік ұстаудан туындаған көзқарас еді. Бірақ, шын талант қашанда абырой биігінен көрінеді. « М ұ с т а ф а Шо қ а й » ф и л ь м і халықпен қауышып, қазақ киносы тағы бір қазынамен толықты. Шығармашылық жұмысқа ең алдымен төреші халық, бұл фильм де көрермен қауымнан лайықты бағасын алды.

Әкім Тарази бүгінде кемеліне келіп, әдебиет әлемінде көркем ш ы н д ы қ қ а а й н а л ғ а н т ұ л ғ а . Жазушының жан әлемін жарып шыққан, ой түбінен аунап туған шоқтықты шығармалары қазақ руханиятының жаңа бір белесі. Таразидың талантына таңданбау мүмкін емес, оның тағдыры да өзгеше тұрпатты тектілікті көз алдыңа елестетеді. Ер мінезді қаламгердің көркем шындығы жиырмасыншы ғасырдың ақиқаты еді. Ұлттың көркем шындығы әдебиет тілінде өзгеше нақышпен кестеленді. Лирикалық әңгімелері ұзатылар қыздың жасауындай сұлу сөздермен әдіптелді. Ақиқат қашанда жалқы, сондықтан қазақ әдебиетінде Әкім Тарази де жалғыз. Ол ешқашан қайталанбайды, мәңгілік асқақтап тұратұғын тау секілді. Таулар ешуақытта аласармайды. Басын бұлт шалған мұнар шыңы даланың арындай болып көрінеді, солай қала береді. Айлар аунап, жылдар жылжи береді. Бірақ сол биіктік өзгермейді. Әкім Тарази де әдебиеттің ары, намысы. Толстой, Достоевский, Хемингуэй, Стендаль, Гюго секілді әлемдік әдебиеттің өкілдерімен иық тірестіре алатын тегеурінді таланттың бірі де осы – Әкім Тарази.

Әк і м Т а р а з и д і ң ұ л т т ы ң әдебиеті мен мәдениетіне е ң б е к с і ң і р г е н і ш ы н д ы қ . Жазушының өзі шындықты өмір шындығы және көркем әдебиет ш ы н д ы ғ ы д е п е к і г е б ө л е д і . Қайраткер қаламгердің жүріп өткен жолы мен еткен еңбегі өмір шындығы болса, көркем әдебиеттің шындығы оның шығармаларында сайрап жатыр. Бірақ шын талант ешқашан атақ пен мансапқа қызықпайды. Егер атақты болып, мансапқа қолы жеткен күнде де халық үшін қызмет етеді. Әкім Тарази сондай тұлға. Жазушылығы шебер, драматургиясы дегдар, киногерлігі кәсіби қайраткер һәм қаламгердің азаматтығы да әрдайым биік. Біреулер атақ үшін арын саудалап жүргенде азаматтығын аман сақтаған Әкім Таразидың үш рет Мемлекеттік сыйлықтан бас тартып, өз жолын ағаларына бергенінің өзі ғана оның үлкен жүректілігі мен рухының биіктігін көрсетеді. Қалихан Ысқақ, Сайын Мұратбеков, Асқар Сүлейменов сияқты тарланбоздардың есімдері қазақ әдебиетінің көгінде ерекше жарқырайды. Солардың арасында өзгеше тұрпатты бір жұлдыз бар. Ол – Әкім Таразидің жұлдызы. Ешқашан сөнбейтін жұлдыз…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support