- Advertisement -

Азаматтардың өтініштері мен мәселелері жергілікті жерде шешілуі тиіс, — Нұржан Нұржігітов

30

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте «ZHEIF – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумында көтерілген бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар талқыланды.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, көтерілген 27 мәселе тиісті салаларға жинақталып, оларды орындау бойынша 17 іс-шара жоспары әзірленген.

Айта кетейік, екі күндік форум барысында екі зауыт іске қосылып, бір демалыс орны ашылып, ірі кәсіпорынның іргетасы қаланды. Барлығы 1000-нан аса қонақ қатысса, оның 100-ден астамы шетелдік инвесторлар мен консулдық корпус өкілдері, 400-ден астамы еліміздің өзге өңірінен келген кәсіпкерлер.

Шара аясында Жамбыл облысы әкімдігі мен шетелдік 7 компания арасында құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойды. Бұл жобалар табысты іске асырылғанда 5000 жаңа жұмыс орындары ашылып, 60 миллиард теңгеге салық түсімдері бюджет есебіне салынады деп күтілуде.

Сондай-ақ, өнімді экспорттау үшін жаңа нарықтар ашу, экономиканы әртараптандыру бойынша 6 компаниямен құны 42 млн. АҚШ долларына тең келісімдерге келді.

Форум барысында кәсіпкерлер үшін В2В кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде құны 96,5 млн. АҚШ долларын құрайтын келесімдерге қол қойылды.

Отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасында 20 стратегиялық келісімдер мен меморандумдар жасалып, облыстың ауыл шаруашылығы саласы, туристік нысандары мен жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа жобалар ұсынылды.

Аймақ басшысы берілген тапсырмалардың сапалы орындалуы, форум жұмысының нақты нәтижесі маңызды екенін баса айтты.

— Облысқа инвестиция тарту, әлеуетті шетелдік компаниялармен байланысты тереңдете түсу жұмыстары тұрақты назарда болуы тиіс. Бұл дегеніміз жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырудың бір тетігі,-дей келе Нұржан Нұржігітов форумға қолдау білдерген орталық атқарушы органдарға және консулдық корпус өкілдеріне, отандық және шетелдік инвесторларға алғыс айтты.

Сонымен қатар, кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде жергілікті атқарушы органдарға түсетін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің динамикасы сараланды. Ол туралы жан-жақты баяндама жасаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков көрсеткіші нашар аудандар мен басқармаларға да тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы шеңберінде азаматтардың барлық өтініштері сапалы қаралуы керектігін ескерткен облыс әкімі олардың мәселелері заң аясында нақты шешілу керектігін атап өтті.

— Өтініштердің бәрі жергілікті жерде шешілуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жауап болмаған жағадайда ғана тұрғындар орталық атқарушы органдарға шағымданып жатады. Бұл дұрыс емес, біз өз деңгейімізде нәтижелі жұмыс жүргізуіміз керек.

Облыс әкімінің орынбасарлары, аудан, ауыл әкімдері, басқарма және бөлім басшыларына дейін әр мәселемен түпкілікті айналысуы қажет.

Әр басшы айына кем дегенде бір мәселені заң аясында нақты, нәтижелі шешуі тиіс.

Осы тұрғыда халықтың өтініштерімен, арыз-шағымымен жұмыс істейтін арнайы топ құрылатын болады. Әкімдер, басқарма басшылары тұрақты түрде айына бір рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп отыруы маңызды, -деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support