- Advertisement -

Сотталғандар арасында сайыс өтті

104

- Advertisement -

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында кең көлемде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл күні сотталған азаматтар бұқаралық спорттың бірнеше түрінен бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтады. Ал, тартысты өткен ойын нәтижесінде белсенділік танытқан жазалы азаматтарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталды.

— Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы контингент арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету. Осы орайда, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің қоғаммен байланысын арттыруға серпін береді деп білеміз. Өйткені, ел-жұртты бірлікке үндейтін айтулы мерекенің маңызы зор, — деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support