Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесі делегацияларының кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесі делегацияларының кездесуі
ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесі делегацияларының кездесуі

2023 жылғы 28 сәуірде ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағыҚазақстан Республикасы Ұлттық Ғылымакадемиясы мен Қытай Ғылымакадемиясының Шыңжаң бөлімшесіделегацияларының кездесуі өтті.

Кездесуді Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Ғылым академиясыныңПрезиденті Закарья Күнсұлу ашты. Өз сөзінде,Қытай ғылымының халықаралық деңгейдегі қарқынды дамуына және жетістіктерінетоқталып, қысқа мерзімде ғылым мен технология салаларына бөлінтін қаржының жалпы көлемін, сонымен қатар, ғылыми мақалалар мен озық ғылыми технологиялар және инновациялық өнімдерді өндіруші ретінде жаһандық көшбасшыға айналғанын атап өтті.

Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесінің вице-президенті Чен Ши мырза өз сөзінде Қазақстанның ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындары, оның ішіндеС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен экология және агротехнология бағыттары бойынша ғылыми ынтымақтастығының нәтижелеріне тоқталды.

Жеткен жетістіктерге қосқан үлесі үшін  ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Күрішбаевтың еңбегін бірегей екендігін ерекше атап өтті.

Тараптар ғылымды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оның ішінде қазақстандық студенттер үшін Қытай үкіметінің ғылыми гранттарын және ғылыми қызметкерлер үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру маңыздылығын ескерді. Кездесу қортындысы бойынша тараптар нақты бірлескен жұмыстарды әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа келді.

Ұқсас жаңалықтар