Бір ай бұрын бұл жауынгерлер Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың біріккен жасағы құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін Тараздан Атырау облысына келген болатын. Аталған бригаданың үш жүз әскери қызметшісі тәулік бойы Жайық өзенінің жағасын нығайтып, бөгеттер тұрғызды.
– Күндіз-түні жұмыс істеп, аз ұйықтадық. Алғашқы уақытта қатты шаршаған кездеріміз де болды, – деп еске алады қатардағы жауынгер Нұрғали Нұғман.
Әскери бөлім сарбаздарды салтанатты жағдайда қарсы алды. Келесі күні оларға әскери билеттер мен жоғары оқу орындарына түсу сертификаттары табысталып, алғашқы лек үйлеріне қайта бастайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлері мен әскери қызметшілері Атырау облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуды жалғастыруда. Әскерлерден өңірге барлығы мыңға жуық әскери қызметші жіберілген
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




