«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Аудит тексерісі нені анықтады?

Аудит тексерісі нені анықтады?
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Тұрлыбековтың қатысуымен брифинг өтті. Спикер облыстағы тексеру комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысымен бөлісті.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау ісшаралары 117 мемлекеттік аудит объектілерінде жүргізіліпті. Оның ішінде барлығы мемлекеттік мекемелер екен. Сондай-ақ үстеме тексерумен 10 мемлекеттік аудит объектілері қамтылыпты. Мемлекеттік аудит пен 136 миллиард 346,2 миллион теңге қаражат қамтылған. Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде 141 миллиард 836, 2 миллион теңгенің бұзушылықтары, 902 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 36 бірлік жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталыпты.

– Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың ішінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары – 94 бірлік, 10,4 пайыз. Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде – 122 бірлік, 13,5 пайыз. Қаржылық есептілікті жасау кезінде – 5 бірлік, 0,6 пайыз. Жалпы жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау ісшараларының қорытындылары бойынша есепті кезеңде тексеру комиссиясының 16 қаулысы қабылданды. Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және кемшіліктерге жол берген лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін қарау жөнінде мемлекеттік аудит объектілеріне 65 нұсқама жолданды. Анықталған бұзушылықтардың ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататыны 118 миллиард 467,4 миллион теңге. Оның ішінде: өтелуге жататыны 1 миллиард 633,4 миллион теңге, қалпына келтірілуге жататыны 116 миллиард 834 миллион теңге, – дейді облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Шалғынбайұлы.

Тексеру комиссиясы тарапынан мемлекеттiк аудиторлардың өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды беруден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру, жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық е с епке жатқызбау, мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылықэкономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі бойынша 10 хаттама толтырылып, 2,9 миллион теңге айыппұл салыныпты.

Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысының прокуратурасына жолданған 1 материал бойынша Тараз қаласының №2 сотының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі үкімімен жекешелендіру объектілерін сату қағидасының талаптарын сақтамай мемлекеттік мүлікті заңсыз жекешелендіргені үшін Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды 2 тұлғасы қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

Ұқсас жаңалықтар