- Advertisement -

Қуатты мемлекет құру жолындағы жеңіс

18

- Advertisement -

Күні кеше Қазақстан халқы еліміздің Президентін сайлады. Кезектен тыс өткен сайлау жоғары дә­ре­жеде, табысты өтті.

Өткен жексенбіде ұйымдастырылған сайлауда жамбылдықтар кандидат­тардың сайлау науқанына үлкен ынта-ықылас білдірді. Саяси науқанда өңірдегі сайлаушылардың 85 пайыздан астамы сайлау учаскелеріне барып, таңдауларын жасады. Яғни, сайлау учаскелерінде халықтың әр санатындағы азаматтар белсенділік танытты.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала жариялаған ақпаратына сәйкес Президент сайлауында Халықтық коалициядан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинады. Мемлекет басшысының жеңісі – бүкіл Қазақ елінің бірлік, әділдік және қуатты мемлекет құру жолындағы жеңісі.

Ел тарихындағы елеулі оқиға қарсаңында құрылған облыстық қоғамдық штаб мүшелері өңіріміздегі барлық елді-мекендерге барып, сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 700 мыңға жуық сайлаушы қамтылған 4 мыңнан астам іс-шара өтті.

Мемлекет басшысы әрдайым «Қазақстан азаматтарының жақсы өмір сүргенін қалаймын» дегенді айтудан танған емес. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасындағы принциптер халықтың әл-ауқатын жақсартуға негізделген.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған сайлауалды бағдарламадағы ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ атты үш қағидатты ұстана отырып, барлық салада әділдік орнату көзделуде.

Алдағы уақытта Әділетті Қазақстан құру жолында баршамыз бірігіп жұмыс істейтін боламыз.

 

Дауыл Бейсенқұлов,

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық

филиалының атқарушы хатшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support