- Advertisement -

Мектептегі өрт-тактикалық сабақ

128

- Advertisement -

Құтқарушылар Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында орналасқан №1 гимназия мектебінде өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Шараның мақсаты – адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен мектеп қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру болып табылады.

Сабақ барысында мектеп асханасында ас әзірлеу барысында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде жалпы ауданы 65 шаршыметрді құрайтын өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мектеп қызметкерлері ғимараттан 37 мұғалім мен 122 оқушыны қауіпсіз орынға көшірді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 2 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, медицина қызметіне тапсырды.

Жалпы өрт-тактикалық сабаққа бір өрт сөндіру автокөлігі, бір жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды. Сабақ барысында мектеп пен аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды.

 

Облыстың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support