- Advertisement -

«Қар көшкіні – 2022» оқу-жаттығуы өтті

311

- Advertisement -

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен бірлесіп, «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесі облыстық жедел басқармасы «Қазавиаспас» АҚ-ның тікұшағын тарта отырып, Т.Рысқұлов ауданы аумағында қар көшкінінің (шартты түрде) салдарын жою бойынша жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығу орны – ауданның «Қарақыстақ» шатқалы. Оқу-жаттығу барысында жедел-құтқару бөлімшелерінің іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдары пысықталды. Оқу-жаттығуға «ӨС және АҚЖ» мекемесінің жедел-құтқару жасағының іздеу иті мен кинологиялық тобы жұмылдырылды. Жетуге қиын таулы аймақта іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы пайдаланылды.

Сонымен қатар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсету және тасымалдау бойынша дағдыларды қалыптастыру үшін оқу-жаттығуға «Апаттар медицинасы орталығы» мекемесі филиалының Луговой трассалық медициналық құтқару пунктінің жеке құрамының реанимациялық көлігі тартылды.

Жалпы оқу-жаттығу кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдарын, қар көшкіні жағдайында іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін бағалау мақсатында өткізілді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support