- Advertisement -

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті

74

- Advertisement -

2022-2023 жылғы жылыту маусымын қауіпсіз өткізу бойынша шілде айында Төтенше жағдайлар вице-министрі профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Аталған жоспарға сәйкес 22 тамызда тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

Қазіргі уақытта облыстың энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік саласының барлық объектілері (437 қазандық, 386 денсаулық сақтау, 785 білім беру нысаны, 1553 көпқабатты тұрғын үй) жылыту маусымына мұқият дайындалған. Жылумен жабдықтау кәсіпорындары белгіленген температуралық режимдер шегінде ауытқусыз жұмыс істейді.

Дегенмен жылыту кезеңі басталғаннан бері облыстың тұрғын үй секторында 62 өрт болды, бұл өткен жылыту кезеңіне қарағанда 71 пайызға көп. Өрттен жарақат алған адамдардың саны екі жағдайға артты, бұл ретте қаза тапқандар жоқ. Улы газдан уланудан бір адам қайтыс болып, бір адам жарақат алды.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 652 өрт тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Онда 4 адам қаза тауып, 9 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Өрттен болған материалдық шығын 101 миллион 706 мың теңгені құрады. Ал 2021 жылы өрт шығыны 36 миллион 817 мың теңге болған еді. Жыл басынан бері улы газдан уланудың 6 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алды.

Халық арасында мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын атаулы профилактикалық жұмыстар (аулаларды аралау, жадынамалар тапсыру, БАҚ-та сөз сөйлеу) жүргізіліп келеді. Биыл да автономды жылыту жүйелері бойынша атаулы профилактикалық жұмыстармен 315 мың жеке тұрғын үй қамтылды, 600 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен 3 мыңдай жиын ұйымдастырылып, онда 29 мыңнан астам адам қамтылды. Полиция өкілдерімен бірлесіп халықтың тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған топтары арасында 12 мыңдай адамды қамти отырып, 2 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. 2022-2023 жылдардың жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 6288 тұрғын үй есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған үйлер профилактикалық жұмыстармен толық қамтылды, оның ішінде 3688 үйді ЖАО өкілдерімен бірлесе отырып аралап, 22560 азаматқа нұсқау берілді.

Профилактикалық тексеру барысында 1693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2981 бұзушылығы анықталды. Олар негізінен электр техникалық желілері мен электр жабдықтары, автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты орын алған. Қазіргі уақытта 1164 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық фактісі жойылды.

Газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйге датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 2394 улы газ бен табиғи газ датчиктері орнатылды (2021 жылы – 1145, 2022 жылы – 1249).

Жылыту кезеңі қарсаңында тұрғын үй секторында өрттің алдын алу мақсатында ақпараттық агенттіктердің, облыстық телеарналардың қатысуымен 20 брифинг өткізілді. «Jambyl TV», «77 ТV» телеарналарында күн сайын тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында 343 сюжет және интернет-ресурстарда 166 жарияланым, әлеуметтік желілерде 352 материал жарияланды. Дауыс зорайтқыш байланыс бойынша адамдар көп жиналатын объектілерде 1,7 мың сөз сөйлеу өткізілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өртке қарсы тақырыпта 14 билборд және 9 баннер орнатылды.

Жалпы, облыста бүгінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.

 

Жомарт САДИРМЕКОВ,

облыстық төтенше жағдайлар

департаменті мемлекеттік өрт

бақылау басқармасының

бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support