- Advertisement -

«АрселорМиттал Теміртау»қызметкерлерімен кездесті

54

- Advertisement -

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерімен кездесуге барды.

Кәсіпорында үміткер экономиканы, жалақы және зейнетақы жүйелерін реформалау жөніндегі жоспарларын егжей-тегжейлі баяндады. Ол өнеркәсіп қызметкерлерінің проблемаларымен бұрыннан таныс екенін және бірнеше рет көмектесуге тырысқанын жеткізді. «Өткен жылы қараша айында Абай шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жаздық. Біз үндеуімізде бүкіл ел бойынша кәсіпорындарды тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды талап еттік», деген М.Қажыкен 2021 жылы жасалған «лайықты жалақы үшін» петициясын да еске салды.

– Біз Еңбек министрлігіне жұмысшылардың талаптарын енгіздік. Менің бағдарламамда мұның бәрі бар, – деген кандидат, сондай-ақ бағдарламада зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы туралы тармақ көрсетілгенін атап өтті. – Мен осы проблемалардың барлығын білемін және олармен жұмыс істеуге және оларды жоюға дайынмын, – деп түйіндеді М.Қажыкен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support