- Advertisement -

Ауқымды және өте өзекті тақырыпты қозғады

35

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді. Олардың қиын жағдайынан бүкіл еліміз хабардар.

«Бұл – ауқымды және өте өзекті проблема. Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуі тиіс», – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Кандидаттың айтуынша, алимент өндірудегі негізгі мәселелердің бірі – борышкердің кірісін анықтаудың тиімді әдістерінің жоқтығы. Егер борышкерде жұмыс болмаса және жұмыс іздеуге тырыспаса, онда алименттік қарыз орташа республикалық жалақыға сүйене отырып айқындалады. «Алименттерді тұрақты төлемейтіндерге әсер ету механизмі тиімді емес екенін мойындау керек», – деп атап өтті құқық қорғаушы.

Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова толық емес отбасын қолдау тақырыбын көптен бері көтеріп келеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support