- Advertisement -

Жастар сайлауалды бағдарламаны талқылады

24

- Advertisement -

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

«Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қ.Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды. «Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының кепілі. Қазақстандық жастар өздерін ең белсенді сайлаушылар ретінде көрсететініне сенімдімін», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Жастар Рухы» жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуы тиіс. «Жастардың алдағы президенттік сайлауға деген қызығушылығы олардың ел ісіне араласуға дайындығын, сайлау процестеріне деген өзіндік көзқарасы қалыптасқанын көрсетеді», – деді ол.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support