- Advertisement -

Қазақ қыздары қарсылас шақ келтірмеді

34

- Advertisement -

Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден 21 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия кубогы өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Тәжікстан, Индонезия, Өзбекстан, Тайбэй, Гонконг мемлекеттерінен құрама командалар қатысты.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Қазақстан құрама командасы чемпион атанып, алтыннан алқа тағынды. Күміс жүлде Тайбэй мен Гонконг мемлекеттерінің құрамасына, қола жүлде өзбекстандықтарға бұйырды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алдағы уақытта өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Азия кубогында ел құрамасынан Виктория Лобанова үздік ойыншы, Дильназ Олжабаева үздік қақпашы атанды. Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп жүрген таластық Сабина Берденова мен Гүлсина Ізбасарова да сәтті ойын өрнегін көрсетті. Енді аталған екі жерлесіміз ел құрамасы сапында әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support