Қонаев атындағы турнир басталды

Қонаев атындағы турнир басталды
ашық дереккөз
Қонаев атындағы турнир басталды
«Тараз-Арена» спорт кешенінде көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған еркін күрестен халықаралық турнир басталды. Негізі бұл жылда өтіп тұратын дәстүрлі жарыс. Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров осы жарыстан шыңдалып, үлкен белеске жетті. Бұл турнирге оннан астам мемлекеттен он салмақ бойынша екі жүзге жуық балуандар қатысып, бақ сынайды. Бас демеушісі – облыстық мәслихаттың депутаты, «ALTAY GROUP» компаниясының басшысы Әлімбек Жұмабаев. Сондай-ақ облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы да бұл халықаралық турнирдің жоғары деңгейде өтуіне өздерінің белсенді үлестерін қосады. Бұл турнирде Қазақстан құрамасынан бірнеше спортшы ел намысын қорғайды. Оның ішінде жамбылдықтар да бар. Сондықтан екі күн бойы «Тараз-Арена» кешені қызықты белдесулерге толы болатыны анық.  

Есет ДОСАЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар