- Advertisement -

Сеңкібай батырға тағзым

107

- Advertisement -

«Тараз-Арена» спорт кешенінде Сеңкібай батырдың 320 жылдығына арналған облыстық ашық турнир өтті. Оған еліміздегі бірқатар облыстан спортшылар келіп қатысты.

Турнирді батырдың ұрпақтары, қадірлі ақсақалдар Серікбай Махамбетәлиев пен Әуесхан Байгелов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл жарысты Мұратбек Азимов, Серік Салимов секілді белсенді азаматтар ұйымдастырды. Жарыстың бас демеушісі – танымал кәсіпкер Алтай Қарабеков.

Жарыс оннан астам салмақ бойынша аса тартысты өтті. Әсіресе Жамбыл облысының спортшылары ерекше өнер көрсетіп, жанкүйерлері алдында намысты қолдан бермеді. «Мұндай спорт жарыстары жас спортшылардың шыңдалуы үшін қажет. Осында келіп отырған жасөспірімдерге патриоттық сезім сыйлау үшін керек», дейді Мұратбек Азимов.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support