- Advertisement -

Ақсақалдар спортқа ден қойды

71

- Advertisement -

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне және жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай аудан ардагерлері арасында аудандық спартакиада өтті.

Аудандық бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының мұрындық болуымен өткізілген жарыстың мақсаты – ардагерлер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, оларды спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатыстыру арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тәлім-тәрбие беру.Мемлекеттік Әнұранмен шымылдығы түрілген шараның алғысөзі аудан әкімі Жалғас Мұртазаға берілді.

– Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың еңбектері ерен. Олардың өмір жолдары бізге үлгі-өнеге, бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттарға қамқорлық – халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған ардагерлеріміздің орны ерекше, – деген Жалғас Әлижанұлы ардагерлерді мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қызықты әрі тартысты өткен спартакиадаға әр ауылдық округтен белсенді ардагерлер қатысты. Жарыс спорттың жеті түрінен ұйымдастырылды. Олар – үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд және дартс.

Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен жеңімпаз деп танылған ардагерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 Мақпал СҮЙІНБАЙ,

журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support