- Advertisement -

Кимешекті әжелер шеруі

370

- Advertisement -

1 қазан – Қарттар күніне орай аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасының бастамасымен «Дәстүрге жол» жобасы аясында Қордай ауданының орталығында «Кимешек шеруі» өтті. Аудандық мәдениет үйінің алдында жиналған ақ жаулықтылар халық әндерінен шашу шашып, қазақтың ұлттық билерін орындап, көпшілікті тәнті етті.

Сондай-ақ Қордай, Кенен, Сарыбұлақ, Әлжан ана, Қаракемер ауылдық аналар алқаларының мүшелері ұлттық нақыштағы жәдігерлер көрмесін ұйымдастырды. Мұнда жұртшылықтың назарына аналардың қолынан шыққан құрақ көрпелер, моншақталған көрпе-жастықтар, киіз, текемет, ұлттық ыдыстың түрлері ұсынылды. Шара барысында асыл әжелеріміз ұршық иіру, жүн түту, киіз басу сынды дәстүрлерімізді көрсетті.

Ұлттық салт-дәстүрді өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен шеру «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйі алдынан бастап орталық алаң арқылы колледжге дейін жаяу жүріп өткен әжелер оқу орнының алдында жастармен кездесіп, шараның мақсатын түсіндіріп, оның жас ұрпаққа берер тағылымына тоқталып өтті.

Осыдан кейін шеруге қатысушылар №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейіне барды. Мұнда мектеп оқушыларына қазақтың ұлттық бас киімдерінің тарихы кеңінен баяндалып, кимешектің киесі жайлы айтылды.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support