
Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, дамыту, медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болғандықтан, бұл іс-шараның аудан халқы үшін маңызы өте зор.
Қазіргі таңда Сарысу аудандық орталық ауруханасына қарасты 1 қалалық емхана, 1 Саудакент ауылдық емхана, 6 Дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік пункт, 14 медициналық пункт тұрғындарға қызмет көрсетуде. Медициналық ақпараттық жүйе (РПН) бойынша 38 929 адам тіркелген. Ауданда емдеу мекемелері заманауи құралдармен, медициналық технологиялармен жабдықталып, емдеу шараларын көрсететін орындардың қатары көбеюде.
Науқас жандарды емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі – медициналық оңалту. Ауыр жарақат пен аурулардан кейін адам әдеттегі өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі қажет. Осындай кезеңде Оңалту орталығы науқастар мен мүгедектігі бар жандардың денсаулығын қайта қалпына келтіруге үлкен ықпал етеді.
Жаңадан ашылған Оңалту бөлімі түрлі науқастарға емдік шараларын жүргізетін, жалпы соммасы 2,7 миллион теңгені құрайтын қажетті медициналық қондырғылармен жабдықталған. Орталықта тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Бұл жерден алған емдік шаралар адам ағзасының нығаюына ықпал етіп, қайта қалпына келтіруге, науқас жандардың ауруынан айығуына көмектесетіндігіне жұрт сенімі мол.
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Семіздік те дерттің бір түрі екенін білесіз бе?
- 10 шілде, 2025
Ауруға - ем, сауға қуат бер
- 10 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді