- Advertisement -

«Қарлығашта»демалғаның – жаныңа тамаша ем алғаның!

117

- Advertisement -

Жадырап жаз келгенде іздейтінің – жанға жайлы жер, жақсы демалыс. Бұл барша тұрғындардың көңілінде тұратын жайт. Бес күн бойғы жұмыстан шаршағанда, бір мезгіл суға түсіп, күнделікті алаңдатқан барлық мәселені естен шығарып, тыныққаннан артығы жоқ- ау, сірә! Әсіресе шілденің шіліңгір ыстық күндерінде салқын суға түсіп, тыныққанға не жетсін?! Жадырап келген осынау мезгілдің бір қызығы – салқын су, табиғат аясындағы серуен. Қазір демалыстың түр-түрін ұйымдастыруға болады.

Отбасыңмен, ұжымыңмен қаумаласып, жиналып, арқа-жарқа болып демалыс ұйымдастырсаң қай кезде де артықтық етпес. Жұрттың көбісі, тамаша демалыс ұйымдастыру үшін біршама қаржы қажет деп санап, тартын шақтап қалатыны да жасырын емес. Бұл тұрғыда облысымызда соңғы жылдары  көптеген нысандар бой көтеруде. Ондағы қызметтің бағасы да қарапайым халық үшін қолжетімді. Тек өздемалысыңызды сәтті ұйымдастыра алсаңыз болғаны.

Сондай демалыс орындарының бірі және бірегейі – Байзақ ауданы, Талас ауылының аумағында орналасқан «Қарлығаш» демалыс аймағы. «Қарлығаш» демалыс аймағының тиімділіктері аз емес.

Біріншіден, облыс орталығы Тараз қаласына жақын. Демаламын деген кісілер көлік жалдау кезінде де аса қиналып, алаңдай қоймайды. Ал аталған демалыс орнына бір жетіп алсаңыз, қайтадан шыққыңыз келмей қалады.

Мұнда екі үлкен коттедж үй, оның әрбірінде екі бассейннен бар. Бассейндерде құтқарушылардың қызметі де жақсы жолға қойылған. Үлкендерге басқа, балалар үшін саяз, ыңғайлы бассейндер қарастырылған. Демалып келушілерге 60 тапшан қызмет етеді. Балалар үшін батут, түрлі ойын алаңдары бар. Келушілерге дүкендердің, дәмді кәуапхана, сусын сататын орындардың қызметі дайын.

Биыл аталған демалыс аймағына дейін асфальт жол салыныпты. Жолды демалыс аймағы өз қаржыларына салып бітіріп отыр. Оның өзі келушілердің өз көлігімен қиналмай жетулеріне мүмкіндік береді. Демалушыларға жасалған жақсы жағдай – «Қарлығашқа» келушілердің қатарын көбейтіп жатыр екен. Мұндағы сапалы қызмет – жүздеген тұрғындардың назарын өзіне аударатыны анық.

Осындай қолайлы мүмкіндіктер, келушілерге құрмет «Қарлығаштың» демалыс нысанының мәртебесін биіктете беретіні анық. Суы жылы, тапшандары қолайлы, ойын алаңдары ыңғайлы осынау демалыс орны қонақтарды ұдайы асыға күтеді. Осында 35-40 кісінің басын қосып, тіпті құда күтіп жіберуге де болады. Ол үшін де барлық қолайлы жағдай, қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

Жақында «AULIEATA MEDIA» ЖШС-нің ұжымы да «Қарлығаш» демалыс аймағына барып, көңілді демалыс өткізіп қайтты. Ұжымның бұл бейресми басқосуы елорда күніне және жақында ғана аталып өткен БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды. Біздер аталған демалыс орнының кең де қолайлы коттеджінің қызметіне өте риза болдық. Екі бассейн, балаларға арналған ойын алаңдары, алтыбақан, қазақы киіз үй төңірекке сән беріп тұр.

Кең ауласы да түрлі спорттық ойындар өткізуге қолайлы екен. Волейбол алаңы да кең, ыңғайлы. Қысқасы, біз бұл демалыс аумағынан өзімізге қажеттіліктің барлығын таптық десек, артық айтқандық емес. Кешке дейінгі әр сәтімізді көңілді өткізіп, қызыққа кенелдік. Өз ортаңмен, әріптестеріңмен бірге жүру өте көңілді ғой. Ал мынандай керемет демалыс кешеніндегі сәттер одан бетер жаныңды жадыратып, көтеріңкі көңіл -күй сыйлайды екен. Аталған демалыс аймағынан біз осыны аңғардық.

– Керемет демалыс орны екен. Мекемелердің, ұйымдардың келіп тынығуына өте қолайлы. Жұмыс істеген кісілерге демала білгеннің өзі жақсы емес пе?! Сондықтан осы демалыс аймағына, осы іс-шараны ұйымдастырған «AULIEATA MEDIA» ЖШС басшылығына рақмет», – дейді ардагер журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ақылжан Мамыт.

– Біз қашанда келушілердің қуанып, жақсы демалыпқайтуын назарымызға аламыз.Сондықтан барлық қолайлы жағдайды жасауға күш саламыз. Қонақтарымыз біздің қызметімізге үнемі риза болып, қоштасарда рақметін айтып жатады. Біз алдағы уақытта қызмет көрсету сапасын, нысанның материалдық-техникалық базасын бұдан да әрі жақсарта береміз, – дейді демалыс орнының ұйымдастырушы әкімшісі Индира Нұралиева.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support