- Advertisement -

Томас ғалымның толғанысы

153

- Advertisement -

«Менен ештеңе шықпайды» деген адамнан шынында ештеңе шықпайды. Ал «Сенен ештеңе шықпайды» деп біреуді төмендету де дұрыс емес.

Мәселен, электр жарығын алғаш ойлап тапқан Томас Эдисон деген ғалым. Ал ертеректе мектепте оқып жүргенінде мұғалімдері сол Эдисонды ақылы кем деп мектептен шығарып жіберген. Олар болашақ ғалымның анасына жолдаған хатында: «Сіздің ұлыңыз ақылсыз. Оны өзіңіз оқытпасаңыз, қатарына ілесе алмайды» деп жазады.
Оны оқыған анасы не істеді деңіз?! Анасы Томас Эдисонды шақырып алып: «Балам, мұғалімдерің сені ақылы асқан данышпан, біздің оны оқытуға біліміміз жетпейді дейді. Жарайсың, ұлым» – деп басқаша айтады. Адамға демеу, қолдаудың болғаны қандай жақсы!
Сол Томас кейіннен ғаламат физик болып, әлемді аузына қаратыпты. Ал анасы болса ұзақ жасап, ұлының сондай жоғары жетістікке жеткенін көріп барып, өмірден қайтыпты.
Уақыт өте келе Томас Эдисон қағаздардың арасынан баяғы анасына жазылған хатты тауып алады. Әлгі хатты оқып отырып жүрегі елжіреп, жағдайдың қалай болғанын толық түсініп: «Менің осындай дәрежеге жетуім – анамның ақылдылығының арқасы» деген екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support