- Advertisement -

Қызметіне қарай құрметі

264

- Advertisement -

Ертеде қарапайым бір тігінші өмір сүріпті. Қасынан бір елі қалмайтын немересін де тек ізгілікке тәрбиелеуді ойлайды екен. Бір күні өте қымбат тұратын өткір қайшымен асыл матаны ұсақтап кесе бастайды. Кесіп болған соң, қайшыны төмен қоя салады. Сәлден соң кесілген маталарды инемен құрап, бұйым жасайды. Жұмысы біткен соң инені бас киіміне әдемілеп қыстырып қояды. Бұл көріністерді байқап тұрған немересі:

– Ата, ана қымбат қайшыны неге төмен қойып, инені неге сонша әспеттедіңіз?, – деп сұрайды. Сонда атасы:
– Қайшы әп-әдемі матаны бөліп, бөлшектеп тастайды. Ал ине болса нәзік әрі әлсіз болғанына қарамастан, бөлінген бөлшектердің басын қосуға тырысады. Сосын сол бөлшектен әдемі киімдер тігіледі. Немерем!, Есіңде болсын, қандай биік көрінсе де, бірлікке сына қағып, бөліп-бөлшектеуге ұмтылған жандарға болыспа. Олардың дәрежесін көтерме. Қайта әлсіз топ болса да бірлікке шақырған, ынтымақты ойлағандарға көмектес. Солардың қасынан табыл. Бұл ісімді сен үлгі алсын деп жасадым, – деген екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support