- Advertisement -

Жерге көмілген қару-жарақтар табылды

42

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды.

– Белгісіз адамдар 8 бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.
Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Табылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпаратты полицияға жеткізу туралы хабарламадан соң, «102» арнасына тұрғындардан қоңыраулар келіп түсуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support