- Advertisement -

Игорь Чихмарев – қола жүлдегер

101

- Advertisement -

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубайда WKF каратэден ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп, онда Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегер атанған еліміздің құрамасының сапында жамбылдық жерлесіміз Игорь Чихмарев те бар. Спортшыны байрақты бәсекеге облыстың аға жаттықтырушысы Арман Сұлтанбеков дайындаған.
Еліміздің құрамасы Босня – Герцеговина командасын 3:0, Марокко командасын 3:2, Сауд Арабия командасын 3:1 есебімен жеңіп, Италия командасынан ұпай санымен (негізгі ойын 2:2) ұтылып қалған еді. Италиялықтардың финалға шығуына байланысты Қазақстан құрамасына жұбаныш кездесуге жол ашылды. Отандастарымыз жұбаныш кездесуде Косова құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, қола жүлде үшін таласта Түркия құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті. Сөйтіп Қазақстан құрамасы алтынға бергісіз қола жүлдеге қол жеткізді. Ересектер арасында WKF каратэден Әлем чемпионатында Қазақ елінің құрамасы тарихында жүлде алмаған. Осы Әлем чемпионатындағы тарихи жеңіске жамбылдық Игорь Чихмарев ерекше үлес қосты.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support