- Advertisement -

Жәнібектің жойқын жеңісі

48

- Advertisement -

Бұл аптада төрткүл дүние Американың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешіне «көгілдір экран» арқылы көз тікті. Ең маңызды кездесулерге тоқталсақ, Тренс Кроуфорд өзінің WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы деген атағын бесінші мәрте сәтті қорғап қалды. Ол аталған бокс кешінде Шон Портерді оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, шын мықты екенін дәлелдеді.

Отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы да тағы жарқын жеңісімен жанкүйерлерін қуантты. Ол орта салмақта әлем чемпионы, француз боксшысы Хасан Ндам Нжикамды сегізнші раундта есеңгіретіп, есін жиғызбай тастады. Осы жойқын жеңісінен кейін Жәнібек WBO Global, WBC continental белбеулерін сәтті қорғап, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы атанды. Біз Жәнібектің алдағы маңызды кездесулерде де жеңіс туын желбірете беретініне сеніміміз жоғары.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support