- Advertisement -

Парламент сенаторы Жамбыл ауданында әлеуметтік нысандарды аралады

29

- Advertisement -

Өңірімізге іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев сәрсенбі күні Жамбыл ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Алдымен сенатор 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ел игілігіне берілген Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы балалар мен жасөспірімдер өнер мектебінің және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының құрылысымен танысты. Үйірмелер мен пән кабинеттерін, спорт залдарды аралап, жаттықтырушылармен емен-жарқын әңгімелесіп, жұртшылық тарапынан сөз болып жүрген жер мәселесі бойынша да кеңінен түсіндіріп өтті.

– Ауыл-аймақтың жай-жапсарын қарап, өзгерістерге зер салып жүрміз. Осы ауданда туып-өскеннен кейін бір жусаны артық өссе бас қалада жүріп қуанып жүретініміз бар. Өткен жылдың өзінде қыруар тірліктер атқарылғаны көрініп-ақ тұр. Бәрі халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Жас буынның болашағы ұдайы назарда. Осы өнер, спорт орталықтарынан елімізге танымал спортшылар, танымал азаматтар түлеп шыға берсін, – деді Абдалы Тоқбергенұлы.

Сондай-ақ халық қалаулысы аудандық ветеринариялық стансасында болып, өңірдегі ахуалға назар аударып, ауылшаруашылығы саласындағы жаңалықтармен танысты.

Сенатордың ауданға сапары барысында онымен бірге аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов, аталмыш мекемелердің директорлары бірге жүрді.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support