- Advertisement -

Дәрігерлер шешімді дер кезінде қабылдады

188

- Advertisement -

Асқазанынан қан кетіп, Төле би аудандык ауруханасына шұғыл жеткізілген  Шу ауданының 50 жастағы тұрғынының жағдайы сол сәтте өте ауыр болған. Алдымен хирургия бөлімшесінде  оған гематрансфузия деп аталатын қанды тоқтату әдісімен  алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Алайда, одан науқастың жағдайы жақсармаған соң, жедел түрде санавиция шақыртылып, науқасты  облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық құрылымына жеткізеді.

Кешенді тексеру мен талдау-сараптау нәтижесінде оған 3- сатыдағы асқазанның қатерлі ісігі, асқазаннан қан кету, екінші дәрежелі қан аздық диагнозы қойылды. Шұғыл түрде облыстық көпбейінді ауруханасының онкология жөніндегі орынбасары Гүлжан Тәйтелі, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Жандос Рысқұлов, онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Жандос Сейдахметов пен жансақтау бөлімінің меңгерушісі Рабиға Түсіпова консилиум жасап, шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдайды. Көп ұзамай жоғары санатты, онколог хирургтар Марат Қалиев пен Қайрат Түлешов лапаротомия арқылы гастрэктомия жасап, қан кеткен тамырды тігіп, қатерлі ісікті алып тастайды. Онкологиялық диспансерде мұндай ота алғаш рет жасалып отырғандықтан, барлық үрдіс бас дәрігер Қайрат Жетібаевтың қатаң бақылауымен жүргізілді.  Нәтижесінде ота сәтті өтті, қазір науқастың жағдайы жақсарды.

Гастрэктомия – бұл  хирургиялық процедура, оны жасау барысында  асқазанның бір бөлігін алып тастайды. Оның түрлері процедура кезінде асқазан мен оның айналасындағы тіндердің қанша мөлшерінің жойылатындығына байланысты болады. Негізі бұл әдіс-тәсіл  –  үлкен дайындықпен жасалатын жоспарлы хирургиялық араласу. Ал бұл жағдайда, науқастың өміріне төнген қауіптің жоғары болуына байланысты шұғыл түрде, уақыт жоғалтпай жасалғанын айта кеткен жөн.

 

Толқын Өмірбаева,

облыстық денсаулық сақтау басқармасы

баспасөз қызметінің жетекшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support